Текст страницы
Құрметті сатып алушы!
Біздің өнімді таңдағаныңыз үшін алғыс айтамыз.
Біз Сізге жоғары сапа, функционалдық және дизайн талаптарға сәйкес әзір
ленген және жасалған өнімдер мен құрылғыларды ұсынуға қуаныштымыз.
Пайдалануды бастамас бұрын, Сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпа
ратты, сондай-ақ өнімді дұрыс пайдалану және оған күтім жасау бойынша
ұсыныстарды қамтитын осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Осы нұсқау
лықтың сақталуына назар аударыңыз және оны өнімді одан әрі пайдалану кезін
де анықтамалық материал ретінде пайдаланыңыз.
Құрылғы мақсаты
Акустикалық жүйесі — тиісті дыбыстық қосқыштар болған кезде дыбыс көзі бо
лып табылатын дербес компьютерге, ноутбукке немесе басқа құрылғыларға қо
сылу мүмкіндігі бар дыбысты ойнатудың белсенді құрылғысы. Құрылғының жұ
мыс қағидасы: электрлік тербелістерді акустикалық тербелістерге түрлендіру.
Құрылғы аудио- тыңдау және бейнежазбаларды қарау кезінде дыбысты ойна
туға арналған және екі белсенді бағанадан тұрады. Дыбыс көзінен сигнал беру,
сондай-ақ құрылғының қуаты USB интерфейсі арқылы жүзеге асырылады.
Сақтық шаралары
1. Электр тоғының соғуын болдырмау үшін құрылғының корпусын бөлшекте
меңіз және ашпаңыз, өз бетіңізше оны жөндеуге тырыспаңыз.
2. Егер құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаса, құрылғыны дыбыс көзінен ажы
ратыңыз.
3. Құрылғыны қуат көзінен ажыратқан кезде істікшенің оқшауланған бөлігіне
ғана қол тигізіңіз. Сымды тартпаңыз.
4. Құрылғының корпусына немесе оның қандай да бір тесіктеріне бөгде зат
тардың түсуінен сақ болыңыз. Ине, шаш түйреуіш, тиын және басқа да ұсақ
заттар, сондай-ақ жәндіктер құрылғының ішіне кіріп кетпеуін қадағалаңыз.
5. Құрылғыны су және кез келген сұйықтық тиюден, ылғалдан, сондай-ақ экс
тремалды температураның, шаң мен кірдің әсерінен қорғаңыз.
6. Құрылғыны ылғалдылығы және шаңдануы жоғары үй-жайларға орнатпаңыз.
Сұйықтығы бар ыдыстарды (сауыт, стақан, бөтелке және т. б.) құрылғының
үстіне немесе тура қасына қоймаңыз.
7. Құрылғыны қызып кетуден сақтаңыз. Оны қуатты жылу көздерінің жанына
қоймаңыз (жылыту құрылғылары және т. б.), сондай-ақ тікелей күн сәулесі
мен ашық жалынға ұшырамаңыз.
8. Құрылғыны тазарту үшін құрамында бензин бар заттарды, спирттерді, еріт
кіштерді пайдаланбаңыз, себебі олар құрылғыға және оның боялған бетіне
зиян тигізуі мүмкін. Құрылғыны тазалау үшін өте жұмсақ құрғақ шүберекті
пайдаланыңыз.
9. Құрылғыны дымқыл қолмен ұстамаңыз.
10. Құрылғыны тек мақсатына сай пайдаланыңыз.
11. Егер құрылғы жұмысын тоқтатса немесе дұрыс жұмыс істемесе, оны пайда
лануды дереу тоқтатып, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
3