Инструкция кондиционер мобильный Timberk T-PAC-P09E-WF

Страница 87 (стр. 87 из 112)

Бренд: Timberk

Страница 87 документа Кондиционер мобильный Timberk T-PAC-P09E-WF. Раздел: Мобильные кондиционеры. Бренд: Timberk.

Текст страницы

6. Fan (Желдеткіш жылдамдығы):
Желдеткіштің айналу жылдамдығын
таңдау: ЖОҒАРЫ -ТӨМЕН.

7. Sleep Mode (Түнгі режим):
Түнгі режимді қосады.

9. ЖҰМЫС РЕЖИМДЕРІ

Кескін анықтамалық ақпарат ретінде келтірілген және шынайы басқару
панелінен ерекшеленуі мүмкін
Аспап алғаш рет желіге қосылған кезде, аспаптың қосылуын білдіретін дыбыстық
сигнал шығады, содан кейін аспап күту режиміне енеді.
1. «TIMER» – егер аспап қосулы болса, аспапты автоматты түрде өшіру уақытын
реттеу үшін осы батырманы басыңыз. Егер аспап өшірулі болса, аспапты
автоматты түрде қосу уақытын реттеу үшін осы батырманы басыңыз. LED
дисплейде тиісті индикатор жанғаннан кейін «TIMER» батырмасын басыңыз,
қажетті уақытты таңдау үшін «UP» немесе «DOWN» батырмаларын басыңыз.
Уақытты 1-ден 24 сағат аралығында теңшеуге болады. «UP» немесе «DOWN»
батырмаларын бір рет басу бір сағатқа тең.
2. «SPEED» - салқындату немесе желдету режимдерінде желдеткіштің
жылдамдығын (ЖОҒАРЫ, ТӨМЕН) ауыстыру үшін басыңыз. Кептіру режимінде
бұл батырма жұмыс істемейді, өйткені бұл режимде желдеткіш тек төмен
жылдамдықта жұмыс істейді.
3, 5. «UP» және «DOWN» - температураны немесе уақытты реттеу үшін осы
батырмаларды басыңыз

87