Инструкция ледогенератор BRAYER BR6301

Страница 44 (стр. 44 из 52)

Бренд: BRAYER

Страница 44 документа Ледогенератор BRAYER BR6301. Раздел: Ледогенераторы. Бренд: BRAYER.

Текст страницы

44
KZ

• Заттаңбада көрсетілген қуаттандыру кернеуінің
параметрлері электр желісінің параметрлеріне
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Мұз генераторының корпусы (1) мен ішкі бетін
дымқыл матамен сүртіңіз, содан кейін құрғатып
сүртіңіз.
• Қақпақты (2) ашып, қолсаптан (19) ұстап мұзға ар-
налған себетті (18) шығарыңыз , мұзға арналған
себетті (18) және мұз қалағын (20) бейтарап
жуатын құрал қосылған жылы сумен жуып, шайып,
кептіріңіз.
• Тасымалдауға арналған қолсапты (4) орнына
орнатыңыз (1-сур.). Қолсапты (4) аздап қысыңыз,
оны корпустағы тесікке (1) бұрышына қарай
салыңыз, қолсаптың дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
• Су төгетін тығынның (11) орнына орнатылғанына
көз жеткізіңіз (1-сур.).

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Гигиенаға сай бірінші циклде дайындалған мұз-
ды пайдалануға кеңес берілмейді.

• Мұз генераторын 5°C төмен температура кезінде
пайдалануға тыйым салынады.
• •Мұз генераторы қоршаған ортаның 10°C бастап
32°C дейінгі температурасы кезіндегі жұмысқа
арналған.
• Сыйымдылыққа температурасы 8°C бастап 25°C
дейінгі суды қую керек.

• Мұз генераторын қабырғадан немесе жиһаздан
бастап мұз генераторына дейін кемінде 15-20 см
қашықтық болатындай етіп тегіс және тұрақты
бетке орнату керек.
• Мұз генераторын жылдам өшіру үшін қуаттау
бауының айырына кедергісіз қолжетімділікті
қамтамасыз ету керек.
• Құралды 45 градустан асатын еңістің бұрышының
астына орнатуға тыйым салынады.
• Мұз генераторын аударуға болмайды, егер мұз
генераторы аударылған болса, онда оны дұрыс
орнатып, қайта қосардың алдында кемінде 2 сағат
күтіңіз.
• Сыйымдылыққа судың тұрмыстық сүзгіштерімен
тазалаудан өткен, бөлме температурасындағы
суды құйыңыз. Сыйымдылыққа ыстық су құюға
тыйым салынады, бұл мұз генераторының бұ-
зылуына әкелуі мүмкін.
• Жылдам қатырудың салдарынан суда болатын
ауадан мұздың түсі «сүт» түсті болуы мүмкін, бірақ
бұл мұздың сапасына әсер етпейді.
• Егер сізге таза мұз керек болса, онда алдын-ала
қайнатылып, суытылған ауыз суды пайдалану
керек.
• Сыйымдылықтағы суды әрбір 24 сағат сайын
ауыстыруға кеңес беріледі, кері жағдайда суда
шөгінді пайда болуы мүмкін және мұздың түсі мөл-
дір болмайды.
• Аптасына кем дегенде бір рет мұз генераторын
тазалау керек.

instr BR6301.indd 44
instr BR6301.indd 44
06.05.2024 11:05:11
06.05.2024 11:05:11

Бытовая техника / Техника для кухни / Холодильное оборудование / Ледогенераторы

Ледогенератор RAGEX R1801

14 стр.