Инструкция Makita DHS900ZU

ПАЙДАЛАНУ (стр. 57 из 64)

Бренд: Makita

Страница 57 документа Makita DHS900ZU. Раздел: Пилы дисковые. Бренд: Makita.

Текст страницы

Кесу жұмысы

Шаң жүретін мойын бұрышын
реттеу

САҚ БОЛЫҢЫЗ: Кесу жұмысын
орындағанда, шаңнан қорғайтын маска киіңіз.

САҚ БОЛЫҢЫЗ: Құралды түзу сызық
бойымен алға қарай ақырын жылжытыңыз.
Құралға күш түсіру немесе оны бұру мотордың
шектен тыс қызып кетуіне және қауіпті кері соққыға
әкеледі, бұл ауыр жарақат алуға себеп болуы
мүмкін.

Шаң жүретін мойын бұрышын шаң жүретін мойынды
айналдыру арқылы реттеуге болады.
Құралды шаңсорғышты қоспай пайдаланғанда,
операторға үгінділердің ұшуын болдырмау үшін, шаң
жүретін мойынды төмен түсіріңіз.
Құралды қосулы шаңсорғышпен пайдаланғанда,
шаңсорғыш шлангісінің өңделетін бөлшекке немесе
шынжырлы ара шинасына түсіп кетпеуі үшін шаң
жүретін мойынды жоғары көтеріңіз.
► Сурет27: 1. Шаң жүретін мойын

ПАЙДАЛАНУ

ЕСКЕРТПЕ: Аккумулятор картирджінің
температурасы төмен болғанда, құрал
толық қуатында жұмыс істей алмауы мүмкін.
Осы уақытта аккумулятор картриджі бөлме
температурасына дейін жылығанша құралды
біршама уақыт мәселен, жеңіл кесу жұмыстарына
пайдаланыңыз. Содан кейін құрал толық қуатында
жұмыс істей алады.

► Сурет29

Бұл құрал ағаш өнімдерін кесуге арналған. Makita
компаниясының түпнұсқа дискілі ара жүздерімен
келесі материалдарды кесуге болады:

Алюминий өнімдері

Минералды пластик
Кесілетін материал үшін пайдаланылатын тиісті
дискілі ара жүздері бойынша мәліметтер үшін Makita
компаниясының дилеріне хабарласыңыз немесе
веб-сайтына кіріңіз.

Шынжырлы ара шинасын пайдаланған кезде
құралды төмен жақтағы табансыз пайдалануға
болмайды.

САҚ БОЛЫҢЫЗ: Пластик материалдарды
кескенде, жүз ұшының қызып кетуіне
байланысты олардың еруіне жол бермеңіз.

Жүз сақтандырғышының
жұмысын тексеру

Құралды мықтап ұстаңыз. Құралдың алдыңғы
тұтқасы да, артқы сабы да бар. Құралды жақсылап
ұстау үшін екеуін де пайдаланыңыз. Егер араны
екі қолыңызбен де ұстап тұрсаңыз, қолдарыңызды
дискілі ара жүзімен кесіп алу қаупі болмайды.
Табанды кесілетін өңдеу бөлшегіне дискілі жүзі
жанаспайтындай орнатыңыз. Содан кейін құралды
қосып, дискілі ара жүзі толық жылдамдыққа
жеткенше күтіңіз. Енді құралды өңдеу бөлшегі
үстімен тегіс әрі бірқалыпты жылжыту арқылы
аралау аяқталғанша жай ғана алға қарай
қозғалтыңыз.
Кесу жұмысын таза орындау үшін кесу сызығын
түзу ұстаңыз және бірқалыпты жылдамдықта
жылжытыңыз. Егер кесу барысында алдын ала
белгіленген кесу бағыты сақталмаса, құралды кесу
сызығына қайта жылжыту үшін оны бұруға немесе
күш түсіруге әрекеттенбеңіз. Бұл әрекеттерді
орындау дискілі ара жүзін майыстырып, ықтимал
ауыр жарақат пен қауіпті кері соққыға әкеліп соғуы
мүмкін. Ауыстырып-қосқышты босатып, дискілі ара
жүзі тоқтағанға дейін күтіңіз де, құралды шығарып
алыңыз. Құралды жаңа кесу сызығына туралап,
кесуді қайта бастаңыз. Операторға арадан ұшатын
ағаш үгінділері мен жоңқалар тиетіндей жерде
тұрмауға тырысыңыз. Жарақаттан қорғану үшін
қорғаныс көзілдірігін пайдаланыңыз.

Көлбеу кесу бұрышын 0°-қа орнатып, төменгі
сақтандырғышты ұшына қарай қолмен тартып,
босатыңыз. Төменгі сақтандырғыш келесі
жағдайларда дұрыс жұмыс істейді:

табанның жоғарғы жағына еш кедергісіз
тартылған;

тоқтатқышқа автоматты түрде қайтарылып,
жанасады.
► Сурет28: 1. Жоғарғы сақтандырғыш 2. Төменгі

сақтандырғыш 3. Табан 4. Тоқтатқыш
5. Ашу 6. Жабу

ЕСКЕРТПЕ: Қиғаш бұрышпен кесу жұмысын және
т.б. орындаған кезде, кейде төменгі сақтандырғыш
оңай қозғала алмайды. Осындай кезде кесуді
бастау мақсатында төменгі сақтандырғышты
көтеру үшін тартылатын тұтқаны пайдаланыңыз
және құрал жүзі материалға тигенде, тартылатын
тұтқаны босатыңыз.

► Сурет30: 1. Тартылатын тұтқа

Егер төменгі сақтандырғыш дұрыс жұмыс істемей
тұрса, аралау әсерінен туындаған шаң жоғарғы және
төменгі сақтандырғышқа жиналып қалмағанына
көз жеткізіңіз. Егер төменгі сақтандырғыш шаңды
кетіргеннен кейін де дұрыс жұмыс істемей тұрса,
құралыңызды Makita қызмет көрсету орталығында
жөндетіңіз.

57
ҚАЗАҚША

Инструмент и стройка / Электроинструменты / Пильно-отрезные инструменты / Пилы дисковые, оснастка / Пилы дисковые

Elitech ПД 1675П (E2206.003.01)

16 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Пильно-отрезные инструменты / Пилы дисковые, оснастка / Пилы дисковые

Elitech ПД 1675П (E2206.003.01)

16 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Пильно-отрезные инструменты / Пилы дисковые, оснастка / Пилы дисковые

FinePower OneBase CCSBR54

20 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Пильно-отрезные инструменты / Пилы дисковые, оснастка / Пилы дисковые

FinePower OneBase CCSBR54

20 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Пильно-отрезные инструменты / Пилы дисковые, оснастка / Пилы дисковые

Makita

12 стр.