Текст страницы
Пеште пайдалануға болатын материалдар
Ыдыс
Ескертулер
Қуыруға арналған
сыйымдылық.
Өндірушінің нұсқауларын орындаңыз. Қуыруға
арналған сыйымдылықтың түбі бұрма дисктің үстінде
шамамен 3/16 дюйм (5 мм) қашықтықта орналасуы
тиіс. Дұрыс емес пайдалану бұрма дисктің сынуына
әкелуі мүмкін.
Асханалық ыдыс
Тек микротолқынды пеште қолдануға қолайлы.
Өндірушінің нұсқауларын орындаңыз. Жарықтары
немесе кетіктері бар ыдысты қолданбаңыз.
Шыны құтылар
Қақпақшаны үнемі шешіп алыңыз. Ол жылымайынша,
тамақты жылыту үшін ғана пайдаланыңыз. Шыны
құтылардың көбі қызуға төзімді болып табылмайды
және шытынап кетуі мүмкін.
Шыны ыдыс
Тек пеште қолдануға арналған қызуға төзімді
шыны ыдыс. Металл жиектеудің жоқ екендігіне көз
жеткізіңіз. Жарықтары немесе кетіктері бар ыдысты
қолданбаңыз.
Пеште тағам
дайындауға арналған
пакеттер
Өндірушінің нұсқауларын орындаңыз. Металл баудың
көмегімен байламаңыз. Бу шығуы үшін тіліктер жасап
қойыңыз.
Қағаз тәрелкелер мен
айшанақтар
Тек қана қысқа мерзімді дайындау / жылыту үшін
пайдаланыңыз. Тағам дайындау кезінде пешті
қадағалаусыз қалдырмаңыз.
Қағаз сүлгілер
Тағамды жабу және артық майды сіңіру үшін
пайдаланыңыз. Тамақты қысқа мерзімді дайындау
үшін қадағалаумен пайдаланыңыз.
Пергаментті қағаз
Шашырауға жол бермеу үшін немесе булау кезінде
орау үшін қақпақша ретінде пайдаланыңыз.
Пластмасса
бұйымдар
Тек микротолқынды пеште қолдануға қолайлы.
Өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
«Микротолқынды пеште қолдану үшін қауіпсіз» белгісі
болуы керек. Кейбір пластикалық контейнерлер
ішіндегі тағам қызған сайын жұмсарады. Көмештеуге
арналған пакеттерде және тығыз жабылған пластикті
пакетерде қаптамалардағы нұсқауларға сәйкес
кесіктер немесе тесіктер жасау қажет.
27