Текст страницы
Клиенттерді қолдау қызметі
Біз «Хайер» компаниясының клиенттерге қолдау көрсету қызметіне
хабарласуды, сондай-ақ түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдалануды
ұсынамыз. Егер сізде тұрмыстық техникаңызбен мәселелер туындаса,
алдымен «Ақаулықтарды жою» бөлімін қарап шығыңыз.
Егер де сіз ақауыңыздың шешімін таба алмасаңыз, мынаған жүгініңіз:
— өзіңіздің ресми дилеріңізге немесе
— біздің колл-орталыққа:
8-800-250-43-05 (РФ),
— www.haier-europe.com сайтына, онда сіз қызмет көрсетуге өтініш қалдыра
аласыз, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз.
Сервистік орталығымызға жүгіне отырып, өтінеміз, паспорт тақтайшасынан
және түбіртектен табуға болатын төмендегі ақпаратты дайындаңыз:
Үлгі _____________________________________
Сериялық нөмірі __________________________
Сатылған күні_____________________________
Сондай-ақ, кепілдік пен сату құжаттарының болуын тексеріңіз
Маңызды! Кептіру машинасында сериялық нөмірдің болмауы Өндірушіге
кептіру машинасын сәйкестендіруді және соның салдарынан оған кепілді
қызмет көрсетуді мүмкін емес етеді. Кептіру машинасынан зауыттық
сәйкестендіру тақтайшаларын алып тастауға тыйым салынады. Зауыттық
тақтайшалардың болмауы кепілдік міндеттемелерді орындаудан бас тартуға
себеп болуы мүмкін.
Осы құжатқа алдын ала ескертусіз өзгерістердің енгізілуі мүмкін. Өндіруші
қосымша ескертусіз бұйым құрылымы мен жабдықтамасына өзгерістер
енгізуге құқылы.
Өнім Еуразиялық экономикалық (Кеден) одағының техникалық
регламенттерінің талаптарына сәйкес келеді.
Сәйкестік сертификаты № ЕАЭС RU С-CN.ГБ09.В.00380/21 20.10.2021 бастап
19.10.2026 дейін әрекет етеді.
Сәйкестік туралы декларация № ЕАЭС N RU Д-CN.РА01.В.94054/21
22.10.2021 бастап 21.10.2026 дейін жұмыс істейді.
Толығырақ мәліметтер берілген сәйкестік сертификаттарының және
Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестік туралы тіркелген
декларацияларының бірыңғай тізілімінде көрсетілген.
40