Текст страницы
35
KZ
АСПАЗДЫҚ КЕҢЕСТЕР
• Қондырмаларды тазалауды жеңілдету үшін, олар-
ды шешіп алғаннан кейін, бірден қондырмаларды
жылы сумен жуып жіберіңіз.
ҚОЛ МИКСЕРІН ҚОЛДАНУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қол миксерінің (1) үздіксіз жұ-
мыс істеу уақыты 5 минуттан аспауы керек. Жұмыс
циклдерінің арасында 20 минуттан кем емес үзіліс
жасаңыз.
Қамыр илеуге арналған қондырмалар (11)
• Қондырмаларды (11) дрожжи қосылған қамырды
илеуге, фаршты және т.б. араластыруға пайда-
ланыңыз
Ескертпе: қамырды араластыруға арналған қонды-
рмаларды (11) қондырмаларды орнатуға арналған
арнайы тесіктерге салыңыз.
Араластыруға/бұлғауға арналған бұлғауыштар
(12)
• Кілегейді, жұмыртқаның ақуызын бұлғауға,
бисквит қамырын, пудинг, коктейльдер, крем,
майонез, езбе және тұздықтар әзірлеуге, сонымен
қатар сұйық өнімдерді араластыру үшін бұлға-
уыштарды (12) пайдаланыңыз.
Ескертпе: араластыруға/шайқауға арналған бұлға-
уышты (12) қондырмаларды орнатуға арналған тиісті
тесіктерге салыңыз.
• Салқындатылған ингредиенттерді, мысалы,
майды, жұмыртқаны және т.б. араластырмас
бұрын бөлме температурасына дейін қыздырып
алу керек.
• Рецептіңізде қабық бөлшектері немесе бүлінген
жұмыртқа болмауы үшін алдымен жұмыртқаны
бөлек ыдысқа жарып құйыңыз, содан кейін олар-
ды миксер тостағанына қосыңыз.
• Әрқашан ингредиенттерді араластыруды төмен
жылдамдықтан бастаңыз және қондырмалардың
айналу жылдамдығын біртіндеп арттырыңыз.
• Ыстық сұйықтық құю қажет болса, негізгі ингреди-
енттердің қатты қызып кетуіне жол бермеу үшін
оны аз-аздап қосыңыз.
• Егер жұмыс кезінде ингредиенттер жеткілікті түрде
араласпаса, миксерді өшіріңіз, ас үй қалағымен
ингредиенттерді тостағанның ортасына сырғы-
тыңыз да, жұмысты жалғастыру үшін миксерді
қосыңыз.
• Миксер тостағанында ингредиенттер мөлшері
аз болса, оларды қол миксерімен араластыру
ұсынылады.
• Егер миксер жұмыс істеп жатқан кезде тостағанға
қандай да бір бөгде зат түсіп кетсе, жұмыс режимі
қосқышын дереу «0» күйіне орнатыңыз, содан
кейін миксер тостағанынан бөгде затты шығарып
алыңыз.