Текст страницы
4. ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ЖИЫНТЫҚТЫЛЫҒЫ
- Асүйлік машинасы - 1 дана.
- Тағам өнімдерін көпіршітуге арналған бұлғауыш (венчигі) -1 дана.
- Қамыр илеуге арналған ілмегі - 1 дана.
- Тағам ингредиенттерін араластыруға арналған қондырмасы – 1 дана.
- Құрылғының тостағаны - 1 дана.
- Тостағанның қақпағы – 1 дана.
- Пайдалану жөніндегі нұсқаулық – 1 дана.
- Кепілдік талоны – 1 дана.
5. ҚҰРЫЛҒЫНЫ ІСКЕ ҚОСПАС БҰРЫН ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДАУ
Құрылғының қаптама қорабын ашып, құрылғыны абайлап шығарып алыңыз, содан кейін құрылғымен
бірге жеткізілген оның жеткізілім жиынтықтығына кіретін барлық құрамдас бөлшектері мен керек-
жарақтарын қарап тексеріп шығыңыз, олардың барлығы бар болғанына көз жеткізіңіз, осы пайдалану
жөніндегі нұсқаулықтың (Құрылғының жиынтықтылығы) тарауында көрсетілген нұсқауларын қарап
шығыңыз.
Құрылғының сыртынан және ішінен, сондай-ақ оның барлық бөлшектерінен орама материалдарын
және жарнамаға қатысты жапсырмаларын алып тастаңыз.
Құрылғының электр желілік баусымын және оның жеткізілім жиынтықтылығына кіретін барлық
құрамдас бөлшектері мен керек-жарақтарын тексеріп қарап шығыңыз, олардың барлығы
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз
Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында, оның тағам өнімдермен жанасатын барлық бөлшектері мен
керек-жарақтарын (тостаған мен қақпағын, қондырмаларын) жылы сабынды суда жуып, ыстық сумен
бірнеше рет жақсылап шайып тазартып алыңыз, содан кейін құрғақ матамен сүртіп шығыңыз да, олар
әбден құрғақ болғанша құрғатыңыз.
6. ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
Құрылғыны құрастырып жинау.
Асүйлік машинаны құрастырып жинамас бұрын, яғни бұл құрылғыны құрастырып
жинау барысында, жарақаттанып қалу мүмкіндігін болдырмау үшін, асүйлік
машинаның электр желілік баусымы электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Егер асүйлік машинаның тостағаны құрылғыға орнатылмаған және оған дұрыстап
бекітілмеген болса, ешқашан құрылғының электр желілік баусымын электр желісіне
жалғамаңыз.
1. Асүйлік құрылғыны негізі берік әрі тегіс, таза және құрғақ үстелдің бетіне немесе жиһаздың
жұмыстық бетіне орналастырып қойыңыз.
2. Асүйлік машинаның жұмыс бөлігін бекітуге арналған бекіткіш батырмасын (3) басыңыз да,
құрылғының жұмыс бөлігін аздап жоғары қарай, оның шертпек секілді сарт еткен дыбыс
естілмейінше, яғни ол толығымен жоғары қалпында бекітілгенше, көтеріңіз (1- сурет).
3. Асүйлік машинаның тостағанын (7) құрылғының корпусындағы платформалық негізіндегі
ұяшығына (1) орнатыңыз. Тостағанды құрылғының платформалық негізіндегі ұяшығына орнату
барысында тостағандағы шығыңқы (дөңес) бөліктері құрылғының платформалық негізіндегі
ойықтарына тұп-тура келетіндей етіп орналасқанына, яғни олар бір-біріне үйлесіп тұрғанына көз
жеткізіңіз, содан кейін тостағанды орнатылған ұяшығында ол толығымен тіреліп бекітілгенше,
оны сағат тілінің бағытымен, яғни оңға қарай сәл ғана бұраңыз, тостағанды бұрап, бекіткен кезде
оған артық күш салудың қажеті жоқ.
4. Құрылғының тостағанына (7) тағам өнімдерін салыңыз.
28