Текст страницы
OBJ_BUCH-2981-002.book Page 167 Wednesday, April 26, 2017 3:49 PM
Қaзақша | 167
Су беру жүйесіне қосу
Өзіңіздің сумен камтамасыз ету
мекемеңіздің ережелері мен
нұсқауларына назар аударыңыз.
Бүкіл қосу шлангтерін
бұрандалармен бекітуі тығыз
болуы керек.
Тоқ беру жүйесіне қосу кабелі
немесе біріктіруші кабелінің
үстінен басып жүрмеңіз, оны
жаншып кетпеңіз немесе оны ұстап
тартпаңыз - кабелдің зақымданып
және бұзылып кетуі мүмкін.
Кабелді ыстықтан, майлы және
өткір бұрыштардан қорғаңыз.
Диаметрі 12,7 мм (1/2") болған
күшейтілген шлангісін ғана
қолданыңыз.
Электрбұйымның желі кабелі
немесе жоғары қысым шлангі,
бүріккіш атқышы сияқты маңызды
бөлшектері, немесе қауіпсіздік
жүйе бөлшектері зақымданып
бұзылған қалыпта болғанда
электрбұйымды қолданбаңыз.
Электрбұйымды ешқашан кері
тетіксіз су беру жүйесіне қосуға
болмайды. Кері тетігі арқылы ағып
шыққан су ішу үшін жарамсыз
болады.
Назар аударыңыз: Нұсқаулықта
көрсетілген нұсқауларға сай
болмаған біріктіргіш кабелдер
қауіп тұдыра алады.
Жоғары қысым шлангі зақымданып
бұзылған қалыпта болмауы тиіс
(жарылып бөлініп кету қауіп).
Зақымдалып бұзылған жоғары
қысым шлангісін дереу
ауыстыруыңыз керек. Тек қана
шығарушы тарапынан ұсынылған
шлангтер мен біріктіру
бөлшектерін қолдануға болады.
Ұзарту кабелін қолданғанда электр
тоқ розеткалары мен біріктіру
бөлшектерінің су өткізбейтін болуы
керек. Ұзарту кабелінде өткізгіштің
көлденең қимасы қолдану
нұсқаулығында берілген
мәліметтерге сай бар болып,
шашылып тұратын суға қарсы
қауіпсіздендірілуі қажет. Ашаның
біріктіргіш қосылуы суда жатпау
тиіс.
Жоғары қысым шлангтер, арматура
мен біріктірушілер электрбұйым
қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Тек
қана шығарушы тарапынан
ұсынылған шлангтерін, арматура
мен біріктірушілерді қолданыңыз.
Су беру жүйесіне қосу үшін тек
қана таза немесе фильтрмен
тазартылған суды қолдануға
болады.
Электр тоқ беру жүйесіне қосу
кабеліндегі немесе біріктіргіш
кабеліндегі ашаны ауыстырғанда
оның шашылатын судан қорғау
қабілетінің және механикалық
тұрақтылығының сақталуы тиіс.
Қолдану
Электрбұйымды қолдану алдынан
оның жұмысқа лайықты қалыпта
болуын және жұмыс қауіпсіздігін
тексеру керек. Лайықсыз қалыпта
Bosch Power Tools
F 016 L81 568 | (26.4.17)