Текст страницы
ТҰРАҚТЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Əрбір техникалық қызмет көрсетуден немесе мұздатқыш қорапты тазалаудан бұрын оның
желіден тыс екеніне көз жеткізіңіз.
Егер мұздатқыш қорапты ұзақ уақыт пайдалану жоспарланбаса, оны розеткадан ажыратыңыз
жəне жағымсыз иістің пайда болуын болдырмау үшін қақпақты ашық қалдырыңыз.
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ
1 Есік ауыр ашыла ма?
Есікті жапқан соң, есік келесі бірнеше минут ішінде ауыр ашылуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай
жəне есік тығыздағыштарының дұрыс жұмыс істеуін көрсетеді. Бірнеше минут күтіңіз, сонда сіз
есікті əлдеқайда оңай аша аласыз.
KZ
2 Мұздатқыш қорап жұмыс істемейді/салқындатпайды.
• Электрқоректің өшірілмегеніне көз жеткізіңіз.
• Қорек штепселінің зақымдалмағанына жəне розеткаға мықтап салынғанына көз жеткізіңіз.
3 Мұздатқыш нашар жұмыс істейді / индикатор шамы (7)
• Мұздатқыштың қақпағы мықтап жабылғанына көз жеткізіңіз.
• Убедитесь, что на внутренних стенках морозильного ларя не слишком много льда.
• Мұздатқыштың тікелей күн сəулесінің немесе жылу көздерінің əсерінен емес екеніне көз
жеткізіңіз.
• Мұздатқышқа көп мөлшерде жылы тағам салынбағанына көз жеткізіңіз.
• Климаттық класс мұздатқыштың артқы жағындағы техникалық деректер тақтасында
көрсетілген. Бұл мұздатқыш тиісті түрде жұмыс істейтін қоршаған орта температурасының мəндері.
4 Мұздатқыш қорап біртүрлі дыбыстар шығарады.
Компрессордың жұмыс істейтін моторы жəне салқындату тізбегі бойымен айналатын
салқындатқыш өзіне тəн дыбыстар шығарады. Бұл қалыпты жағдай.
5 Мұздатқыштың сыртқы қабырғаларында конденсация пайда болады.
Белгілі бір атмосфералық жағдайларда мұздатқыштың сыртқы қабырғаларында конденсация
пайда болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай жəне мұздатқыштың жұмысына əсер етпейді.
САТУДАН КЕЙІНГІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
1. Ақаулықтарды өз бетінше жою.
Егер қандай да бір ақаулық анықталса, қызмет көрсету орталығына тікелей немесе сату өкілі
арқылы хабарласпас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген барлық нұсқаулар мен
кеңестердің сақталғанына көз жеткізіңіз.
2. Сатудан кейінгі қызмет көрсету
Клиенттерді қолдау қызметі
Біз уəкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласуды, сондай-ақ түпнұсқа қосалқы бөлшектерді
пайдалануды ұсынамыз. Егер сіздің тұрмыстық техникаңызда мəселе туындаса, алдымен
"Ақаулықтарды жою" тарауын оқып шығыңыз.
Егер сіз мəселенің шешімін таппасаңыз, ресми дилерге немесе біздің авторланған сервистік
орталығымызға жүгініңіз, тегін желі нөмірлері кепілдік талонында көрсетілген.
Біздің авторландырылғын сервистік орталыққа хабарласып, төлқұжат тақтасынан жəне чектен
таба алатын келесі ақпаратты дайындаңыз:
Модель __________________________________
Сериялық нөмірі__________________________
Сатылған күні _____________________________
Сондай-ақ, өтінеміз, кепілдік пен сату туралы құжаттың болуын тексеріңіз.
Маңызды! Құрылғыда сериялық нөмірдің болмауы өндіруші үшін құралды сəйкестендіруді
жəне соның салдарынан оған кепілдік беруді мүмкін етпейді. Аспаптан зауыттық сəйкестендіруші
тақтайшаларды алып тастауға тыйым салынады. Зауыттық тақтайшалардың болмауы кепілді
міндеттемелерді орындаудан бас тартуға себеп болуы мүмкін.
15