Текст страницы
Кез-келген ылғалдандырғыш пайдаланылатын судың сапасы мен құрамына,
онда бөгде қоспалардың болуына, аспапқа дұрыс күтім жасамау салдарынан
шөгінділердің пайда болуына сезімтал аспап болып табылады.
Өтінеміз, осы нұсқаулықтың «Күтім және техникалық қызмет көрсету»,
«Пайдалану» сияқты маңызды бөлімдерін мұқият оқып шығыңыз, өйткені
өзіңіздің жаңа аспабыңыздың тиімді жұмыс істеуіне осы бөлімдер себеп
болып табылады.
Біз Сіздің және Сіздің жайлылығыңыздың қамын ойлаймыз, сонымен қатар
біздің тұрмыстық техникамызды пайдаланғаннан Сіз алған рахат туралы
ойлаймыз, сондықтан оның қызмет ету мерзімін Сіз үшін ұзаққа созуға
мүмкіндік беретін күтім жасау бойынша толық ұсыныстарды қоса береміз.
Ауа ылғалдандырғыш пен оның негізгі бөлшектеріне күтім жасау бойынша
ұсыныстарды сақтамау оның жұмысының сапасына әсер етуі, және сондай-
ақ қызмет етудің мәлімделген мерзімінен немесе кепілдікті кезеңнен бұрын
істен шығуына әкелуі мүмкін.
30