Текст страницы
WIFI ҚОСЫЛУЫН БАПТАУ
Өзіңіздің мобильді құрылғыңызға (iOS немесе Android платформасында жұмыс істейтін смартфонда
немесе планшетте) App Store немесе Google Play-де жүктеу үшін қолжетімді «POLARIS IQ HOME»
тегін мобильді қосымшаны жүктеңіз және орнатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қосуды баптар алында Сіздің телефоныңыз үйдегі бар WIFI желісіне
қосылғанына көз жеткузіді сұраймыз.
Үйдегі WIFI желісі болмаған жағдайда үй желісін құру (роутерді орнату және интернетті қосу) үшін
мамандырылған компанияға жүгініңіз. Үйдегі желінің роутері 2,4 ГГц жиілікте жұмыс істеу керек,
желі режимі 802.11 b/g/n орнатылған болуы керек.
NFC қосылыстың көмегімен қосылу
NFC модулімен смартфондардың соңғы модельдері жабдықталған, ол арнайы баптауларды және
белсендіруді керек етпейді – телефонды басқа құрылғыға жақындату жеткілікті.
Жұмыс тәртібі:
1.
«POLARIS IQ HOME» қосымшасын орнатқаннан кейін смартфоныңызды аспап панеліндегі
«NFC» стикеріне әкеліңіз
2.
Смартфон экранында *Push-хабарландыру шығады, оған көшіңіз, келесі экранда смартфонды
конфигурациялағыңыз келген желіні таңдап, сізге осы желінің құпиясөзін енгізу қажет болады.
*ЕГЕР PUSH-ХАБАРЛАНДЫРУ ШЫҚПАСА:
a)
Телефонды бұғаттан шығарыңыз
b)
Құрылғы мен смартфон арасындағы түйіндесуге ештеңе кедергі жасамайтынына
(қалың тысқап, карталар және т. б.) көз жеткізіңіз
c)
Телефонды датчиктің жанында әртүрлі бұрыштап жылжытып көріңіз.
IOS операциялық жүйесі бар смартфон үшін қосылуды «Құрылғыны қосу» арқылы жүргізуге
болады, әрі қарай «NFC» таңдап, содан кейін смартфонды конфигурациялағыңыз келген
желіні таңдап, осы желінің құпиясөзін енгізу қажет.
3.
Содан кейін қосылуды растау керек, бұл үшін смартфоныңызды тағы бір рет аспап панеліндегі
«NFC» стикеріне әкеліңіз.
4.
Дайын, құрылғы қосылды
Құрылғы қосылған болса, осы құрылғыға басқа смартфонды қосу үшін оны жай ғана NFC датчигіне
жақындатыңыз, бұдан кейін қосылу автоматты түрде орындалады.
POLARIS IQ HOME қосымшасын ашыңыз.
«Негізгі» экранында «Құрылғыны қосу» түймесін басыңыз.
«Барлық құрылғылар» тізімінен (РAW-0804) таңдаңыз.
43