Текст страницы
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
• Ауа шығатын саңылауларды бұғаттамаңыз.
• Ыстық ауаны көзге бағыттамаңыз.
• Құрылғыны пайдаланар алдында нұсқау-
лықпен мұқият танысып алыңыз және электр
желісінің сипаттамалары құрылғының заттаң-
басында көрсетілгендерге сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
• Жарақаттануына немесе тұншығуына жол
бермеу үшін балаларға құрылғымен, қорап-
пен және қаптаманың өзге элементтерімен
ойнауға рұқсат бермеңіз. Фенді балалардың
қолдары жетпейтін жерде сақтау және пайда-
лану ұсынылады.
• Құрылғыны қуат көзіне қосқанда қадағалау-
сыз қалдырмаңыз.
• Осы нұсқаулықты, чекі, қаптау қорабын және
мүмкіндігінше қаптаманың басқа элемент-
терін сақтап қойыңыз.
• Күйіп қалу қаупі. Құрылғыны балалрдың қолы
жетпейтін жерде сақтау керек, әсіресе пайда-
лану және салқындату кезінде.
• Бұл құрылғы тек тұрмыстық пайдалануға
арналған.
• Пайдаланғаннан кейін немесе тазалау алдын-
да құрылғыны әрқашан желіде ажыратыңыз.
Құрылғыны желіден ажыратқан кезде желілік
кәбілден ұстап тартпай, ашадан ұстаңыз.
Желілік баусымды, желілік баусым ашасын
және құрылғыны ақау бар-жоғына үнемі тек-
серіп отырыңыз.
• Құрылғының және оның кәбілінің бүлінуін
анықтау үшін оларды жүйелі түрде тексеріңіз.
Қандай да бір бүліну анықталған жағдайда
құрылғыны пайдалануды дереу тоқтатыңыз
және оны желіден ажыратыңыз.
• Құрылғыны бөлшектеуге тырыспаңыз.
• Құрылғыны тұғырыққа, егер ол бар болса, не-
месе жылуға төзімді жалпақ бетке орнатыңыз.
• Алғаш рет пайдалану кезінде жағымсыз иіс
пайда болуы мүмкін, ол қрылғыны кейінен
пайдаланған кезде біртіндеп жоғалады.
• Кабель бүлінген жағдайда құрылғыны
пайдадалуға тыйым салынған.
Кабельді ауыстыру үшін уәкілетті
сервис орталығына жүгініңіз.
• Сақтау кезінде кабельді шатаспауын және
сынбауын қадағалаңыз.
• Құрылғыны және желілік кабельді жоғары
температураның, тікелей күн сәулелерінің,
дымқылдықтан және өзге теріс әсерлерден
сақтандырыңыз.
• Құрылғыны тек жерге тұйықталған
(жергілікті ережелерге сай жерге
тұйықталмаса, әзірлеуші (әзірлеуші
уәкілеттік берген тұлға) шығынды
қайтару бойынша жауапты болмайды)
резеткіге қосыңыз.
• НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты жуынатын, душ
бөлмелерінде, бассейндерде және суға жақын
пайдалануға болмайды. Аспапты жуынатын
бөлмеде пайдаланғанда оны пайдаланғаннан
кейін желіден ажырату керек, өйткені судың
жақындығы тіпті аспап сөндірілген болса да,
қауіп төндіреді. Аспапты суға батырмаңыз.
• Құрылғыны өздігінен жөндеу немесе оның
конструкциясына өзгерістер енгізу тыйым
салынған.
• Бұл құрылғы сенсорлық жүйесінің мүмкіндігі
шектелген немесе интеллектуалды мүмкіндік-
тері шектеулі, сонымен қатар білімі мен білігі
жеткіліксіз тұлғалардың (балаларды қосқанда)
қолдануына арналмаған.
• Қосымша қорғаныс үшін жуынатын бөлмедегі
электр қуаты тізбегіне номиналды қосылу
тогы 30 мА-дан аспайтын қорғаныстық ажы-
рату құрылғысын (ҚАҚ) орнатқан абзал.
Кеңес алу үшін білікті маманға жүгінген жөн.
Құрылғыны сервис орталығының маманы ғана
жөндеуі керек. Ақаулықтар анықталған кезде
уәкілетті сервис орталығына жүгініңіз.
• Құрылғыны орынжайлардан тыс пайдалан-
баңыз.
11