Инструкция мультиварка Polaris PMC 0567AD

Страница 53 (стр. 53 из 59)

Бренд: Polaris

Страница 53 документа Мультиварка Polaris PMC 0567AD. Раздел: Мультиварки. Бренд: Polaris.

Текст страницы


Бу шығаратын клапаны да алынбалы құрылымға ие, оның бітелуін болдырмау үшін тұрақты түрде сумен тазарту қажет. Буды бөлу клапанының бітелуіне жол бермеңіз. Оны тұрақты
түрде шешіп, тазартыңыз.

Әрбір әзірлеу үдерісінен кейін құрылғының бүйір жағындағы бөлігінде орналасқан конденсат қабылдағыш құралын өзіңізге қарай тартып, шешіп алыңыз, оны босату қажет. Оны жуып,
сүртіп құрғатыңыз да, содан кейін оны өзінің орнына орнатыңыз.

Әмбебап ас әзірлегіш құрылғының тостағында тағамды араластыру үшін тек ағаш қалақты немесе құрылғымен бірге жеткізілген, яғни құрылғының жеткізілім жиынтықтылығына кіретін
арнайы пластмассадан жасалған қасықты пайдаланыңыз.

Әмбебап ас әзірлегіш құрылғының тостағына сірке қышқылын құймаңыз, бұл тостақтың бүлінуіне әкеп соғуы мүмкін.

Бірнеше уақыттан кейін тостақтың түсі өзгеруі мүмкін, мұндай әсердің болуы сумен және тазартқыш немесе жуғыш құрылғылармен жанасқандықтан болады, бұл қалыпты құбылыс
болып табылады, сонымен әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны және оның ішкі тостағын еш қауіпсіз одан әрі пайдалана беруге болады.

Әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны және оның болшектері мен керек-жарақтарын тазарту үшін абразивті заттары бар жуғыш немесе тазартқыш құрылғыларды ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.

ҚҰРЫЛҒЫНЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ


Электрлік құрылғылардың тасымалдауы нақты бір көлік түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау және механикаландырылған жүк тиеу-түсіру жұмыстарын қамтамасыз ететін, жүкті
көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес көліктің барлық жабық түрлерінде кез келген көлік құрылғыларымен жүзеге асырылады.

Құрылғыны тасымалдау барысында түпнұсқалық зауыттық орама мен қаптама қорабын пайдаланыңыз.


Электрлік құрылғыларды тасымалдау барысында оларды тікелей механикалық бүлінулерден, қызудан, оған тіке күн сәулесінің, атмосфералық жауын-шашындардың түсуінен, ылғал
мен агрессивті жемірлі орталар әсер етуінен қорғау шарттары қамтамасыз етілуі керек, сондай-ақ, құрылғылардың бұзылу қаупін туғызатын себептерін болдырмау үшін жоғарыда
аталған әсерлердің кездейсоқ тигізу мүмкіндігін болдырмауы керек.

Электрлі құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын және 5ºС-тан кем емес, салыстырмалы ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және электрлі
құралдар материалдарына теріс әсер ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ әрі таза бөлмежайда сақталуы тиіс.

БҰЛ ӘМБЕБАП АС ӘЗІРЛЕГІШ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАУАР РЕТІНДЕ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
 Бұл әмбебап ас әзірлегіш құрылғыны тауар ретінде өткізу жөніндегі ережелері белгіленген емес.

ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАБЫЛҒАН ТҰРМЫСТЫҚ ЭЛЕКТРЛІК ҚҰРЫЛҒЫЛАР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ

БҰЙЫМДАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР
Жарамсыз деп табылған тұрмыстық электрлік құрылғылар мен техникалық бұйымдарды кәдеге жарату барысында пайда болатын қатты тұрмыстық қалдықтары белгіленген тәртіппен
және салалық нормативті құжаттары бойынша көзделген қолданыстағы ережелер мен нормаларға сәйкес, соның ішінде «Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру мен
залалсыздандыру бойынша гигиеналық талаптар» Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға 2.1.7.1322-03 сәйкес кәдеге жарату үшін міндетті түрде жиналуы тиіс.

Назар аударыңыздар! Құрылғының пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін бұл электрлік құрылғыны әдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтырмай, оны одан әрі
кәдеге жарату мақсатында, қалдықтарды қабылдаумен, қайта өндеумен және кәдеге жаратумен айналысатын ресми пунктке өткізіңіз. Осылайша, Сіз қоршаған ортаны
сақтауға өз септігіңізді тигізесіз.

Осы құрылғыны пайдалану барысында жарақаттанып қалу мүмкіндігін болдырмау мақсатында, сондай-ақ бұл құрылғының бұзылуы қаупін туғызатын себептерін
болдырмау үшін, сонымен қатар өрт қаупі бар жағдайларды болдырмау үшін осы нұсқалықта берілген барлық қауіпсіздік жөніндегі талаптары мен ережелерін және де,
тұрмыстық электрлі құрылғылармен пайдалану кезіндегі қауіпсіздік бойынша барлық қолданыстағы жалпы нұсқауларын және техникалық пайдалану қағидаларын,
сонымен бірге бұл құрылғымен жұмыс атқару барысындағы қауіпсіздік жөніндегі негізгі сақтық шараларын қатаң сақтау қажет.

Бытовая техника / Техника для кухни / Мультиварки и техника для варки / Мультиварки

GOODHELPER МС-5200

12 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Мультиварки и техника для варки / Мультиварки

GOODHELPER МС-5200

12 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Мультиварки и техника для варки / Мультиварки

KITFORT КТ-221

24 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Мультиварки и техника для варки / Мультиварки

Макароноварка Viatto VPC-6

6 стр.