Инструкция мультиварка Redmond RMC-M95

Страница 36 (стр. 36 из 44)

Бренд: Redmond

Страница 36 документа Мультиварка Redmond RMC-M95. Раздел: Мультиварки. Бренд: Redmond.

Текст страницы

Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият
оқыңыз және анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалансаңыз,
оның қызмет ету мерзімі көпке ұзарады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар құралды қолдану кезінде
туындауы мүмкін барлық жағдайларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс кезінде
қолданушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
• Қауіпсіздік техникасы талаптары мен бұйымды пайдалану ережелерін
ұстанбаудан туындаған зақымдар үшін өндіруші жауапкершілікке тар-
тылмайды.
• Бұл электр аспап тұрмыстық жағдайларда әзірлеуге арналған көпфунк-
ционалды құрылғы болып табылады және пәтерлерде, қала сыртындағы
үйлерде, қонақ үй нөмірлерінде, дүкендер, офистердің тұрмыстық
бөлмелерінде немесе өнеркәсіптік емес пайдаланудың басқа жағдай-
ларында қолданыла алады. Құрылғыны өнеркәсіптік немесе кез келген
басқа мақсатсыз пайдалану бұйымды дұрыс пайдалану шарттарын бұзу
болып табылады. Бұл жағдайда өндіруші ықтимал салдарлар үшін
жауап бермейді.
• Құрылғыны электр желіге қосудың алдында оның кернеуі аспап қорек-
тенуінің номиналды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның
техникалық сипаттамасын немесе зауыттық кестешесін қараңыз).
• Аспаптың тұтынылатын қуатына арналған ұзартқышты пайдаланыңыз —
параметрлердің сәйкес келмеуі қысқа тұйықталуға немесе кабельдің
тұтануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
• Аспапты тек жерлендірілген розеткаға қосыңыз — бұл тоқ соғуға қарсы
қорғаныстың міндетті талабы. Ұзартқышты пайдаланылғанда ол да
жерлендірілгеніне көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап жұмыс істеп тұрғанда оның корпу-
сы, табағы мен металдық бөлшектері қызады! Абай болыңыз!

Асханалық қолғапты пайдаланыңыз. Ыстық буға күйіп қалмау
үшін қақпақты ашқанда құрылғының үстінде еңкеймеңіз.
• Аспапты пайдаланған соң, сонымен қатар оны тазалау немесе жылжы-
ту кезінде розеткадан ажыратыңыз. Электр бауды сымынан ұстамай,
ашасынан құрғақ қолмен ұстап шығарыңыз.
• Электр қоректену бауын есіктен немесе жылу көздерінің қасында жүр-
гізбеңіз. Электр бауы бұралмауын және бүгілмеуін, өткір заттарға,
жиһаздың бұрыштары мен шеттеріне тимеуін байқаңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: электр қоректену кабелін кездейсоқ
зақымдасаңыз, кепілдік шарттарына сәйкес келмейтін
ақауларға, сонымен қатар электр тоғының соғуына әкеліп
соқтыруы мүмкін. Электр қуат беру сымына зақым келген
кезде қауіптілікті болдырмау үшін оны әзірлеуші немесе оның
агенті, немесе осыған ұқсас білікті тұлға ауыстыруы керек.
• Аспапты жұмсақ бетке орнатпаңыз, оны жұмыс кезінде жаппаңыз — бұл
құрылғының қызуына және бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
• Аспапты ашық ауада пайдалануға тыйым салынады — құрылғы корпу-
сының ішіне ылғал немесе бөтен заттар тисе, қатты зақымдар болуы
мүмкін.
• Аспапты тазалаудың алдында ол электр желіден ажыратылғанына және
толық суығанына көз жеткізіңіз. Аспапты тазалау бойынша нұсқау-
лықтарды қатаң ұстаныңыз.
Аспап корпусын суға батыруға немесе су ағынына түсіруге
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
• Бұйым қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлғалардың байқауында бол-
маған балалардың, тиісті біліктілік пен тәжірибесі жоқ, сонымен қатар
физикалық, сенсорлық, ақыл-ой қабілеттері шектелген адамдардың
пайдалануына арналмаған. Балаларды қосылып тұрған аспаптың қа-
сында қараусыз қалдырмаңыз.

36

Бытовая техника / Техника для кухни / Мультиварки и техника для варки / Мультиварки

GOODHELPER МС-5200

12 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Мультиварки и техника для варки / Мультиварки

GOODHELPER МС-5200

12 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Мультиварки и техника для варки / Мультиварки

KITFORT КТ-221

24 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Мультиварки и техника для варки / Мультиварки

Макароноварка Viatto VPC-6

6 стр.