Инструкция мультиварка Redmond RMC-M95

Страница 41 (стр. 41 из 44)

Бренд: Redmond

Страница 41 документа Мультиварка Redmond RMC-M95. Раздел: Мультиварки. Бренд: Redmond.

Текст страницы

RMC-M95

KAZ

• «Автоматты бағдарламалар пайдаланылғандағы жалпы әрекеттер тәртібі» тарауының
2-9 т. ұстаныңыз.
«МАКАРОНЫ» бағдарламасы
Макарон өнімдерін, сосискі әзірлеуге, жұмыртқа пісіруге және т. б. кеңес беріледі. «МА-
КАРОНЫ» бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 8 минутты құрайды. Әзірлеу уақытын
1 минут орнату қадамымен 2 минуттан 20 минутқа дейінгі аралықта қолмен орнатуға
болады.
Әзірлеу бағдарламасының жұмыс істеу уақытының керісінше есептелуі су қайнаған соң
басталады. «Отложенный старт» функциясы осы бағдарламада қол жетімсіз. Табаққа су
құйыңыз. Судың деңгейі табақтың ішкі бетіндегі ең жоғары белгісінен төмен болғанын
байқаңыз. «Автоматты бағдарламалар пайдаланылғандағы жалпы әрекеттер тәртібі» та-
рауының 2-5 т., одан кейін 7 т. ұстаныңыз. Су қайнаған соң сигнал естіледі. Қақпақты
абайлап ашыңыз және азық-түлікті қайнаған суға салыңыз, қақпақты сыртыл естілгенше
жабыңыз. «Старт» түймешігін басыңыз. Орнатылған бағдарламаның орындалуы және
әзірлеу уақытының керісінше есептелуі басталады. Ары қарай «Автоматты бағдарламалар
пайдаланылғандағы жалпы әрекеттер тәртібі» тарауының 8-9 т. ұстаныңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Кейбір азықты әзірлегенде көбік қалыптасады. Оны табақтан
ықтимал ағызбау үшін азық қайнаған суға салынған соң бірнеше минуттан кейін қақпақты
ашуға болады.

«ТОМЛЕНИЕ» бағдарламасы
Бұқтырылған ет, рулька әзірлеуге кеңес беріледі. «ТОМЛЕНИЕ» бағдарламасында әдепкі
әзірлеу уақыты 5 сағатты құрайды. Әзірлеу уақытын 10 минут орнату қадамымен 1 сағат-
тан 8 сағатқа дейінгі аралықта қолмен орнатуға болады.
«ВАРКА» бағдарламасы
Көкөністер мен бұршақтұқымдастарды әзірлеуге кеңес беріледі. «ВАРКА» бағдарламасын-
да әдепкі әзірлеу уақыты 40 минутты құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен
5 минуттан 2 сағатқа дейінгі аралықта қолмен орнатуға болады.
«ВЫПЕЧКА» бағдарламасы
Бағдарламада бисквит, пісірме, ашытылған және қатпарлы қамырдан пирогтар пісіруге
кеңес беріледі. «ВЫПЕЧКА» бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 1 сағатты құрайды.
Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен 20 минуттан 8 сағатқа дейінгі аралықта
қолмен орнатуға болады.
«КРУПЫ» бағдарламасы
Бағдарламаны әртүрлі жармадан үгілмелі ботқа пісіруге, әртүрлі гарнир әзірлеуге пайда-
ланылуға кеңес беріледі. «КРУПЫ» бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 35 минутты
құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен 5 минуттан 4 сағатқа дейінгі аралықта
қолмен орнатуға болады.

«ПЛОВ» бағдарламасы
Бағдарлама палаудың әр түрін әзірлеуге кеңес беріледі. «ПЛОВ» бағдарламасында әдеп-
кі әзірлеу уақыты 1 сағатты құрайды. Әзірлеу уақытын 10 минут орнату қадамымен 20
минуттан 1 сағат 30 минутқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
«ЙОГУРТ» бағдарламасы
«ЙОГУРТ» бағдарламасының көмегімен сіз әртүрлі дәмді және пайдалы йогурттерді үйіңіз-
де әзірлей аласыз. «ЙОГУРТ» бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 8 сағатты құрайды.
Әзірлеу уақытын 10 минут орнату қадамымен 6 сағаттан 12 сағатқа дейін аралықта қолмен
орнатуға болады. «ЙОГУРТ» бағдарламасында автоқыздыру функциясы қол жетімсіз.
«ПИЦЦА» бағдарламасы
Бағдарлама пицца әзірлеуге кеңес беріледі. «ПИЦЦА» бағдарламасында әдепкі әзірлеу
уақыты 25 минутты құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен 20 минуттан 1
сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
«ХЛЕБ» бағдарламасы
Бағдарлама бидай ұнынан және қара бидай ұнын қосып әртүрлі нан түрлерін пісіруге кеңес
беріледі. «ХЛЕБ» бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 3 сағатты құрайды (бағдарлама
жұмыс істеудің бірінші сағаты ішінде қамыр тынады, одан кейін піседі). Әзірлеу уақытын
10 минут орнату қадамымен 1 сағаттан 6 сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
Сіз таңдаған рецептідегі кеңестерді ұстанып, қамырды илеңіз. Қамырды табаққа салыңыз.
Табақты мультипісіргіштің корпусына орнатыңыз. Барлық құрамдастар табақтың ішкі
бетіндегі 1/2 белгісінен төмен болғанын байқаңыз. Ары қарай «Автоматты бағдарламалар
пайдаланылғандағы жалпы әрекеттер тәртібі» тарауының 2-9 т. ұстаныңыз. Пісіру үдерісі
толық аяқталғанша мультипісіргіш қақпағын ашпаңыз.
«ДЕСЕРТЫ» бағдарламасы
Бағдарлама жеміс-жидектен түрлі десерттер әзірлеуге кеңес беріледі. «ДЕСЕРТЫ» бағдар-
ламасында әдепкі әзірлеу уақыты 1 сағатты құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату
қадамымен 5 минуттан 4 сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
«ЭКСПРЕСС» бағдарламасы
Күріш, жармадан үгілмелі ботқа әзірлеуге кеңес беріледі. Осы бағдарламада әзірлеу
уақытын реттеу мен «Отложенный старт» функциясы қол жетімсіз. Бағдарлама жұмысының
уақыты 30 минут құрайды.
III. АСПАП КҮТІМІ
Жалпы ережелер мен кеңестер
• Аспапты алғашқы пайдаланар алдында, сонымен қатар мультипісіргіште әзірлеген соң
ас иісін кетіру үшін ішінде «НА ПАРУ» бағдарламасында 15 минуттың ішінде жарты
лимон өңдеуге кеңес береміз.

41

Бытовая техника / Техника для кухни / Мультиварки и техника для варки / Мультиварки

GOODHELPER МС-5200

12 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Мультиварки и техника для варки / Мультиварки

GOODHELPER МС-5200

12 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Мультиварки и техника для варки / Мультиварки

KITFORT КТ-221

24 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Мультиварки и техника для варки / Мультиварки

Макароноварка Viatto VPC-6

6 стр.