Текст страницы
• Тамақ піскенде, үш рет "бип" деген сигнал беріліп, мультипісіргіш
жылуды сақтау күйіне өтеді, "Keep Warm" (Жылуды сақтау)
индикаторы жанып, экранда жылу сақталған уақыт санағы
жүре бастайды.
Ескертпе: Бұл функцияны міндетті түрде май мен азық-түлік
бірге салынғанда қолданыңыз. Май ғана құйылса, бұзылуы
немесе қауіп төндіру мүмкін.
KK
СӘБИ ТАМАҒЫ ФУНКЦИЯСЫ
• Бұл функция тамақты сәбилерге қажетті қоюлықпен әзірлеу
үшін аз су қосып пісіруге арналған.
• "Menu" (Мәзір) түймесімен "Baby food" (Сәби тамағы)
функциясын таңдаңыз. Экранда әдепкі пісіру уақыты көрсетіліп,
"Start" (Қосу) шамы қызыл түспен жыпылықтайды.
• "Temperature/Timer" (Температура/Таймер) түймесімен уақытты
орнату функциясын қосып, "<" және ">" түймелерімен пісіру
уақытын өзгертіңіз.
• "Start" (Қосу) түймесін басыңыз. Мультипісіргіш "Baby food"
(Сәби тамағы) күйіне өтіп, "Start" (Қосу) шамы жанады да,
экранда қалған уақыт көрсетіледі.
• Тамақ піскенде, үш рет "бип" деген сигнал беріліп, мультипісіргіш
жылуды сақтау күйіне өтеді, "Keep Warm" (Жылуды сақтау)
индикаторы жанып, экранда жылу сақталған уақыт санағы
жүре бастайды.
• Тамақ қауіпсіз болуы үшін жылуды сақтау функциясы 1 сағат
қана істейді.
Ескертпе: Сәби тамағын піскеннен кейін 1 сағат ішінде жеу
қажет.
75