Текст страницы
• "Start" (Қосу) түймесін басыңыз. Мультипісіргіш "Bread rising"
(Нан ашыту) күйіне өтіп, "Start" (Қосу) шамы жанады да,
экранда қалған уақыт көрсетіледі.
Нан ашыту бойынша берілген кеңестер
• Қамырды бөлек дайындау үшін оны ішкі тостағанға салып,
қақпақты жабыңыз да, "Bread rising" (Нан ашыту) функциясын
таңдаңыз.
• Қамыр дайын болғанда, "Baking" (Нан пісіру) функциясын,
160°C температурасын таңдап 20-23 минут пісіріңіз. Содан
кейін аударып, тағы 23 минуттай пісіріңіз (мөлшеріне қарай).
ЖЫЛЫТУ ФУНКЦИЯСЫ
• Бұл функция дайын тамақты жылытуға ғана арналған.
• "Menu" (Мәзір) түймесімен "Reheat" (Жылыту) функциясын
таңдаңыз. Экранда әдепкі пісіру уақыты көрсетіліп, "Start"
(Қосу) шамы қызыл түспен жыпылықтайды.
• "Temperature/Timer" (Температура/Таймер) түймесімен уақытты
орнату функциясын қосып, "<" және ">" түймелерімен пісіру
уақытын өзгертіңіз.
• "Start" (Қосу) түймесін басыңыз. Мультипісіргіш "Reheat"
(Жылыту) күйіне өтіп, "Start" (Қосу) шамы жанады да, экранда
қалған уақыт көрсетіледі.
• Тамақ піскенде, үш рет "бип" деген сигнал беріліп, мультипісіргіш
жылуды сақтау күйіне өтеді, "Keep Warm" (Жылуды сақтау)
индикаторы жанып, экранда жылу сақталған уақыт санағы
жүре бастайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
• Суық тамақ мультипісіргіш көлемінің 1/2 бөлігінен аспауы
керек. Тым көп тамақ дұрыс жылымайды. Жылыту
функциясын қайта қосса немесе тамақ аз салынса, тамақ
күйіп, асты қатып қалуы мүмкін.
• Қою ботқаны жылытса, жабысқақ болып кетуі ықтимал.
• Иісі
шығатындықтан,
ұзақ
сақталған
тамақтарды
жылытпаған жөн.
82