Текст страницы
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
• Жұмыс бөлігін және алынбалы бөлшектерді
ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды.
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтап
қойыңыз.
• Ет тартқыштың жұмысы кезінде өнімдерді
саусақтарыңызбен немесе бөгде заттармен
итермеңіз, жинаққа кіретін итергішті пайда-
ланыңыз.
• Алғаш қолданар алдында ет тартқыштың бар-
лық алынбалы бөлшектерін жуыңыз.
• Ет тартқышта тарту үшін мұздатылған өнім-
дерді пайдаланбаңыз.
• Аталған аспап сенсорлық жүйе мүмкіндік-
тері шектеулі немесе ақыл-ой мүмкіндік-
тері шектеулі адамдардың (соның ішінде
балалардың), сонымен қатар тәжірибесі мен
білімі жеткіліксіз адамдардың пайдалануына
арналмаған.
• Желіге қосар алдында аспаптың пайдалану
жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жиналғанына
көз жеткізіңіз.
• Ет тартқыш үйде пайдалануға арналған.
• Ет тартқышта қатты өнімдерді ұсақтамаңыз.
Етті сүйектен, шеміршектен, сіңірлерден және
тамырлардан алдын ала бөліп алыңыз.
• Ет тартқыштың корпусын таза ұстаңыз.
• Тазалау кезінде Тазалау бөлімінде келтірілген
нұсқауларды орындаңыз.
• Тот баспас үшін пышақты және тартылған
етке арналған торларды құрғатып сүрту
керек.
• Аспап туралы ақпараты бар нәлді жоймаңыз
және бүлдірмеңіз. Ол ақаулық орын алған
жағдайда аспапты дәл сәйкестендіру үшін
қажет.
• Аспап корпусына бөгде заттардың және
сұйықтықтың түсуіне жол бермеңіз, бұл оның
бұзылуына әкелуі мүмкін.
• Жұмыс кезінде ет тартқыштың қозғалмалы
бөліктеріне қол тигізбеңіз.
• Ет тартқышты тек құрғақ, тегіс бетке орнатыңыз.
• Тартылған етке арналған торлар, пышақтар,
шұжықшаларға арналған қондырмалар
мен иірлік табиғи тозады, пайдалану мерзімі
пайдаланудың жиілігі мен ұқыптылығына
байланысты.
• Жұмыс істеп тұрған ет тартқышты қараусыз
қалдырмаңыз.
• Ет тартқышты пайдаланып болған соң, оны
жинау, бөлшектеу, тазалау алдында және
оны сақтап қояр алдында электр желісінен
ажыратыңыз.
• Ет тартқышқа киім заттарының, шаштың, сау-
сақтардың және т.б. түсуіне жол бермеңіз.
Бұл денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін.
• Бұйымды тек қана зауыттық қаптамада, со-
нымен қатар бекітілген күйінде тасымалдауға
болады.
• Ешқашан қозғалтқышы бар корпусты, желілік
баусымды немесе желілік баусым айырын
суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз.
• Құрылғыны ол сатылатын елдің заңнамасының
талаптарын сақтай отырып және оларға сәй-
кес кәдеге жаратыңыз.
• Құрылғыны пайдалар алдында электр
желісінің сипаттамалары құрылғының заттаң-
басында көрсетілгендерге сәйкес келетініне
көз жеткізіңіз.
14
15