Текст страницы
KAZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
1 ЖАЛПЫ ДЕРЕКТЕР
GALAXY LINE GL2419 ет тартқышы (ары қарай мәтін бойынша – ет тартқыш,
құрал, электр құралы, бұйым) – түрлі тағамдарды дайындауда орнын ауы
стыруға келмейтін құрал. Шағын, орташа жәнн ірі кесуші дискілер, сонымен
бірге сосискалар мен «кеббе» дайындауға арналған қосымша саптамалар
етті ұсақтаудың қажетті деңгейін таңдауға мүмкіндік береді. Саптама-шы
рынсыққыш томат пастасын, тұздықтарды (аджиканы), шырын мен киви
дің, жидектердің, және қарбыздың мәйектерінен ішімдіктердідайындауға
жарайды.
Өнім Кедендік одақтың келесі техникалық регламенттеріне
сәйкес болады:
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылдың 16 тамызындағы №768
Шешімімен бекітілген ТР ТС 004/2011 «Төмен вольтты жабдықтардың
қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне; Кеден одағы
Комиссиясының 2011 жылдың 9 желтоқсанындағы №879 Шешімімен бекітілген
ТР ТС 020/2011 «Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі»
Кеден одағының техникалық регламентіне ; Еуразиялық экономикалық ко
миссиясы кеңесінің 2019 жылдың 18 қазанындағы №113 шешімімен бекітіл
ген Еуразиялық экономикалық одақтың ЕАЭО ТР 037/2016 «Электротехника
және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу
туралы» техникалық регламенті. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бұйымның
барлық қызметтік мерзімі ішінде сақтаңыз. Сіз арқылы сатып алынған бұйым
осы нұсқаулықтан оның пайдаланылуына әсер етпейтін кейбір ерекшеліктерге
ие болуы мүмкін.