Текст страницы
ЭЛЕКТРЛІК ЕТ ТАРТҚЫШПЕН ЖҰМЫС
ІСТЕГЕНДЕГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Ет тартқышты тек қана жұмсақ, жібітілген өнімдерді өңдеу үшін пайдаланыңыз:
сүйексіз ет, сүйексіз көкөністер мен жемістер. Сүйектерді және қабықтағы жаңғақтар
мен
шекілдеуіктер
сияқты
басқа
қатты
азық-түлікті
ешқашан
ұнтақтамаңыз.
Тамырсабақтарды ұнтақтар алдында ірі емес кесектеп турау және суға кем дегенде 10
сағатқа салып қою керек.
Аспапты жұмыс кезінде қадағалаусыз қалдырмаңыз.
Тазалаған кезде пышақтарды алғанда сақ болыңыз.
Аспаптың қозғалатын бөліктеріне қол тигізбеңіз.
Аспапты тазалар алдында немесе ол пайдаланылмайтын болса электр желісінен
ажыратып қойыңыз.
Ешқашан азық-түлікті қолмен немесе бөгде заттармен итермеңіз. Тек қана итергішті
пайдаланыңыз.
Жарақтқа жол бермеу үшін ұзын шаш, мойынорағыш, галстук немесе басқа заттар
астаудың, тордың, қондырмалардың, ет тартқыш корпусының үстінде салбырауына
жол бермеңіз.
Аспапты балаларға және шектеулі денелік мүмкіндіктері бар адамдарға қадағалаусыз
пайдалануға рұқсат бермеңіз.
Ақаулы аспапты ешқашан пайдаланбаңыз.
Ет
тартқышты
тек
қана
түпнұсқалы
керек-жарақтармен
пайдаланыңыз.
Аспап
жеткізілімі жиынтықтамасына кірмейтін аксессуарлар мен қондырмаларды пайдалану
Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады.
Аспапты азық-түлікпен артық жүктемеңіз және итергішке едәуір күш салмаңыз
Бұл аспап ұзақ уақыт жұмыс істеуге арналмаған. Ет тартқышты үзіліссіз пайдалану 5
минуттан артық емес және мотордың суығану үшін кейінгіде 10-минуттық үзіліспен
жүргізілуі тиіс.
Осы аспапта қатты қызып кетуден кіріктірілген қорғанысы бар. Артық жүктеу кезінде
автоматты түрде сөндіру орын алған жағдайда дереу:
айырды электр желісі розеткасынан суырып шығару
қайталап апйдаланар алдында аспапқа кем дегенде 60 мин ішінде толық
сууға уақыт беру керек.
Ет тартқыш жұмыс істеп тұрған кезде корпустағы желдеткіш тесіктерді бүркемеңіз
және ет тартқышты жұмсақ бетке орнатпаңыз.
Ет тартқыштың желдеткіш тесіктеріне және жұмыс блогының жалғастырғыш торапына
сұйықтықтардың түсуіне жол бермеңіз.
Жұмыс
аяқталғаннан
кейін
құрылғыны
бөлшектеуге
кірісер
алдында
аспап
сөндірілгеніне,
электр
желісінен
ажыратылғанына
және
қозғалтқыш
толық
тоқтағанына көз жеткізіңіз.
Тасымалдаған кезде құрылғыны екі қолмен ұстау керек. Аспапты оның алмалы
астауынан немесе алмалы жұмыс блогынан ұстап тасымалдауға тырыспаңыз.
Жұмыс істеп тұрған ет тартқышты жылжытпаңыз.
Ет тартқыш жұмыс істеп тұрған кезде тиеу астауды алмаңыз және орнатпаңыз.
Ет тартқышқа тазалауды әр пайдаланудан кейін жүргізіңіз.
45