Текст страницы
•
Кейбір сымсыз құрылғылар есту құралдарының немесе кардиостимулятордың өнімділігіне әсер етуі мүмкін.
Қосымша ақпарат алу үшін қызмет жеткізушіге хабарласыңыз.
•
Кардиостимуляторға кедергі келтіру ықтималын болдырмау үшін кардиостимулятор өндірушілер құрылғы мен
кардиостимулятор арасында ең аз 15 см қашықтық сақталғанын ұсынады. Егер кардиостимулятор
пайдаланылса, құрылғыны кардиостимулятордың қарама-қарсы жағында ұстаңыз және құрылғыны алдыңғы
қалтаңызда тасымаңыз.
•
Қолайлы температуралар: пайдалану үшін 0–35°C, сақтау үшін -10–+45°C.
•
Құрылғыны шаңды, дымқыл немесе лас орында не магниттік өріске жақын пайдалануға болмайды.
•
Бұл құрылғының белгісі батарея бөлімінде орналасқан. Тінтуірдің жоғарғы қақпағын ашып, батареяны
шығарыңыз. Батарея бөлімінде көрсетілген таңбаны көресіз.
•
Батареяны оттан, шамадан тыс ыстықтан, өте төмен ауа қысымынан және тікелей күн сәулесі түсетін жерден
аулақ ұстаңыз. Оны жылыту құрылғыларының үстіне немесе ішіне қоймаңыз. Оны бөлшектеуге, өзгертуге,
лақтыруға немесе қысуға болмайды. Оған бөгде заттарды салуға, оны сұйықтықтарға батыруға не оған сырттай
күш немесе қысым салуға болмайды, себебі бұл оның ағуына, қызып кетуіне, тұтануына немесе тіпті жарылуына
себеп болуы мүмкін.
•
Осы құрылғыны және оның шағын құрамдастарды қамтуы мүмкін қосалқы құралдарын балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз. Әйтпесе, балалар бұл құрылғыны және оның қосалқы құралдарын қателесіп
зақымдауы мүмкін немесе шағын құрамдастарды жұтып қойып, бұл тұншығуға әкелуі мүмкін.
•
Батареяның полюстерін кілттер, әшекей бұйымдар немесе басқа металл заттар сияқты өткізгіштермен
жанастырмаңыз. Солай жасау батареяның қысқа тұйықталуына және жарақатқа немесе күйікке себеп болуы
мүмкін.
65