Текст страницы
34
35
KZ
KZ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА
БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Буландырғышты пайдалану алдында пайдала-
нуға беру жөніндегі нұсқаулықпен жіті таны-
сыңыз, оқығаннан кейін болашақта пайдалану
үшін сақтап қойыңыз.
• Қуаттандыру бауын буландырғышты тасымал-
дайтын тұтқа ретінде пайдалануға болмайды,
құралды тұтқасынан ұстап тасымалдаңыз.
• Құралды пайдаланып болғаннан кейін немесе
тазалау алдында міндетті түрде сөндіріңіз.
• Буландырғышты сөндіріңіз және қуаттандыру
бауының айырын электрлік розеткадан суырыңыз.
• Құралды электр желісінен ажыратқан кезде қуат-
тандыру бауының айырынан ұстаңыз және оны
электр розеткасынан абайлап суырыңыз, қуаттан-
дыру бауынан тартпаңыз – бұл оның зақымдануы-
на әкеліп, қысқа тұйықталуын тудыруы мүмкін.
• Балалардың қауіпсіздігі үшін қаптама ретінде
пайдаланылатын полиэтилен пакеттерді қадағала-
усыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен қаптар-
мен немесе қаптамалық үлдірмен ойнауға рұқсат
етпеңіз. Тұншығу қаупі бар!
• Құралды пайдалану алдында қондырманың дұрыс
орнатылғанына және сенімді бекітілгеніне көз
жеткізіңіз.
• Жұмыс кезінде буландырғышты вертикаль түрінде
ұстаңыз, оны аударуға тыйым салынады.
• Суқоймаға тұрмыстық сүзгіштен қосымша таза-
ланған суды құюға кеңес беріледі. Газдалған су
мен парфюм қоспаларын пайдаланбаңыз.
• Судың деңгейі «MAX» максималдық белгісінен
жоғары болмауын бақылаңыз. Егер су деңгейі
максималдық белгіден асып кетсе, онда су булан-
дырғыштан шашырап төгілуі мүмкін.
• Бу шығатын тесікті жабуға болмайды, тесікке
бөтен заттарды салуға тыйым салынады.
• Жұмыс істеген уақытта буландырғыш корпусының
жоғары бөлігі қатты қызады, күйіп қалмай үшін
буландырғышты бу беретін түйменің деңгейінде,
тұтқасынан ұстауға кеңес беріледі.
• Ыстық буға күйіп қалудан сақтаныңыз.
• Адам киіп тұрған киімді буландыруға тыйым салы-
нады, киімді үнемі тек қана ілгішке іліңіз.
• Жұмыс істеп тұрған буландырғышты адамдарға,
жануарларға, өсімдіктерге, сондай-ақ жиһазға,
электрлік құралдарға, кітаптар мен ыстық будан
зақымданып қалатын кез-келген нәрселерге
бағыттауға болмайды. Интерьер бұйымдары мен
буландырғыш арасындағы қашықтық 20 см кем
болмауы қажет.
• Құралды осы нұсқаулықта баяндалғандай, оның
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
• Құралды дұрыс қолданбау оның бұзылуына, және
пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян кел-
тіруге әкелуі мүмкін және кепілдік жағдайы болып
табылмайды.
• Заттаңбада көрсетілген құралдың жұмыс кернеуі
электр желісінің кернеуіне сәйкес екеніне көз
жеткізіңіз.
• Қуаттандыру бауы «еуроайырмен» жабдықталған;
оны жерге сенімді қосылған байланысы бар элек-
трлік розеткаға қосыңыз.
• Өрт шығу қаупін болдырмау үшін құралды электр
розеткасына қосу кезінде ауыстырғыштарды
пайдаланбаңыз.
• Құралдың корпусын, қуаттандыру бауын және
қуаттандыру бауының айырын дымқыл қолмен
ұстамаңыз.
• Суқоймада су жоқ болған кезде буландырғышты
қосуға болмайды. Суқоймада су аяқталғаннан
кейін құралды өшіріп, оны электрлік желіден
ажырату керек.
• Құрал балалардың пайдалануына арналмаған.
• Құралды ойыншық ретінде пайдалануға жол бер-
меу үшін балаларды қадағалаңыз.
• Балаларға жұмыс істеп тұрған құралдың жұмыс
бетін, құрал корпусын, қуаттандыру бауы немесе
қуаттандыру бауының айырын ұстауға рұқсат
етпеңіз.
• Егер жұмыс істеп тұрған құралдың маңында
балалар немесе мүмкіндіктері шектеулі адамдар
болса, онда ерекше назарда болыңыз.
• Желіге қосылған құралды қараусыз қалдырмаңыз.
• Құралды үйжайлардан тыс жерде және жуынатын
бөлмеде пайдалануға тыйым салынады.
• Найзағай кезінде құралды пайдалануға кеңес
берілмейді.
• Құралды соққыдан, құлаудан, дірілден және басқа
да механикалық әсерлерден сақтаңыз.
• Құралды жылыту аспаптарының, ашық оттың
немесе жылу көздерінің тікелей жанында пайда-
лануға болмайды.
• Құралды асүй раковинасына жақын, жуына-
тын бөлмеде, бассейндер немесе басқа да су
толтырылған сыйымдылықтарға жақын жерде
пайдалануға болмайды.
• Егер құрал суға құлап кетсе, дереу қуаттандыру
бауының айырын электр розеткасынан суырыңыз,
содан кейін ғана құралды судан алып шығуға
болады. Құралды тексерту немесе жөндету үшін
сервис орталығына жүгініңіз.
• Құралды аэрозольдар пайдаланылатын немесе
шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға
тыйым салынады, мұндай сұйықтықтарды сақтау
орындарында құралды пайдалануға тыйым
салынады.
• Буландырғышты тігінен тегіс ылғалға төзімді бетке
орналастырыңыз, оны көлденең қоймаңыз және
бұрмаңыз.
• Жеткізілім жиынтығына кіретін бөлшектерді ғана
пайдаланыңыз.