Текст страницы
RUS
SV1651
KAZ
KAZ
Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият
оқыңыз және анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалансаңыз,
оның қызмет ету мерзімі көпке ұзарады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар құралды қолдану кезінде
туындауы мүмкін барлық жағдайларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс кезінде
қолданушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.
• Құралды тегіс, тұрақты және термотөзімді бетте ғана пайдаланыңыз
және сақтаңыз. Аспапты жұмсақ бетке орнатпаңыз. Үтікті негізге салар
алдында оның тұрақты бетінде орналасқанын тексеріңіз.
• Көзге көрінетін механикалық зақымданулар немесе ағулар болған
кезде, құлағаннан кейін аспапты пайдаланбаңыз.
Құралды пайдалану кезінде су ыдысын шешпеңіз.
• Су резервуарын толтырған кезде аспап электр желісінен өшірулі болуы
тиіс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жұмыс кезінде аспап қызады! Үтік жұмыс
істеп тұрған кезде және пайдаланған соң бірден оның таба
нына қол тигізбеңіз. Үтіктеуге арналған арнайы беттерді
ғана қолданыңыз. Аспапты қараусыз қосулы күйінде қалдыр
маңыз, пайдаланған соң бірден оны электр желісінен ажыра
тыңыз.
• Аспапты тек мақсатына қарай қолданыңыз. Аспапты осы нұсқаулықта
көрсетілгендерден ерекшеленетін мақсаттарда пайдалану пайдалану
ережелеріни бұзу болып табылады.
• Электр қоректену бауын есіктен немесе жылу көздерінің қасында жүр
гізбеңіз. Электр бауы бұралмауын және бүгілмеуін, өткір заттарға,
жиһаздың бұрыштары мен шеттеріне тимеуін байқаңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: электр қоректену кабелін кездейсоқ зақымда
саңыз, кепілдік шарттарына сәйкес келмейтін ақауларға, со
нымен қатар электр тоғының соғуына әкеліп соқтыруы мүм
кін. Зақымданған электр бауы сервис-орталықта жылдам
ауыстыруды талап етеді.
• Аспапты тазалаудың алдында ол электр желіден ажыратылғанына және
толық суығанына көз жеткізіңіз. Аспапты тазалау бойынша нұсқау
лықтарды қатаң ұстаныңыз.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
• Өндіруші қауіпсіздік техникасы талаптарын және бұйымды пайдалану
ережелерін ұстанбаудан туындаған зақымдар үшін жауап бермейді.
• Бұл электр аспап тұрмыстық жағдайларда қолданарналған құрылғы
болып табылады және пәтерлерде, қала сыртындағы үйлерде неме
се өнеркәсіптік емес пайдаланудың басқа жағдайларында қолданы
ла алады. Құрылғыны өнеркәсіптік немесе кез келген басқа мақсат
сыз пайдалану бұйымды дұрыс пайдалану шарттарын бұзу болып
табылады. Бұл жағдайда өндіруші ықтимал салдарлар үшін жауап
бермейді.
• Құрылғыны электр желіге қосудың алдында оның кернеуі аспап қорек
тенуінің номиналды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның
техникалық сипаттамасын немесе зауыттық кестешесін қараңыз).
• Аспаптың тұтынылатын қуатына арналған ұзартқышты пайдаланыңыз.
Бұл талапты ұстанбау қысқа тұйықталуға немесе кабельдің тұтануына
әкеліп соқтыруы мүмкін.
• Аспапты тек жерлендірілген розеткаға қосыңыз – бұл тоқ соғуға қарсы
қорғаныстың міндетті талабы. Ұзартқышты пайдаланылғанда ол да
жерлендірілгеніне көз жеткізіңіз.
• Аспапты пайдаланған соң, сонымен қатар оны тазалау немесе жылжы
ту кезінде розеткадан ажыратыңыз. Электр бауды сымынан ұстамай,
ашасынан құрғақ қолмен ұстап шығарыңыз.
• Аспап электр желісіне қосылғанша қараусыз қалмауы тиіс.
11