Текст страницы
ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
Бу генераторымен жұмысты бастау үшін көрнекі фотомен суреттелген «Жаңа аспапты жұмысқа дайындау»
бөліміндегі 5-тен 7-ге дейінгі қадамдарды қайталаңыз.
Назар аударыңыз!
Қауіпсіздік мақсаттарында үтіктеген кезде базаны тұрақты үтіктеу тақтайына қою
ұсынылады.
1.Аспапты іске қосу үшін қуат батырмасын басыңыз. Бу генератырының үтігіндегі бу беру режимдерінің
біріндегі жанып тұрған ақ индикатор қызу процессі туралы белгі береді.
2. Көк түспен жанған және екі дыбыстық дабылмен бірге жүретін режим индикаторы бу генераторының үтігі
қызғанын және жұмысқа дайын екенін білдіреді.
3. Үтікті бұғаттау тетігін сағат тіліне қарсы бұрап, үтікті тіреуіштен алыңыз.
4. Бу беру батырмасын басыңыз және оны үтік табанындағы тесіктерден бу шыққанша басып ұстаңыз:
46
•
буды берудің түймешігін басқанда сораптың жұмысы іске қосылады, бұл ерекше дыбыспен
сүйемелденеді;
•
жаңа аспапты алғашқы рет іске қосқанда жұмыс істеп тұрған сорап бу генераторының жүйесінен
ауаны ығыстырып шығарып, оны сумен толық толтыруы, ал бу түзілу камерасында бу пайда болуы
үшін бірнеше минут қажет болуы мүмкін;
•
егер жүйені сумен толтырғанда сораптың жұмыс тоқтап қалса, буды берудің түймешігін босатыңыз,
оны қайталап 10 минут өткенннен кейін басыңыз және үтік табанындағы тесіктерден бу шыққанша
басып ұстаңыз. Буды берудің түймешігін басқанда сораптың жұмысы қайта басталады.
5. Үтік табанындағы тесіктерден будың шығуы жаңа аспаптың жұмысқа дайындығы аяқталғанын білдіреді.
Назар аударыңыз! Кейде, алғашқы рет іске қосқанда, бу беру батырмасын 2 минутқа дейін басып ұстау
қажет болуы мүмкін (толығырақ «Бу генераторлар типтері» бөлімін қар.).
Назар аударыңыз!
•
Өндірген кезде бу генераторының кейбір бөліктері маймен майланады, сондықтан аппаратты
алғашқы рет іске қосқанда ол сәл түтеуі мүмкін. Бұл ақау болып табылмайды, және де аспапты
пайдалануды бастағаннан кейін біраз уақыт өте тоқталады.
•
Жаңа аспаптың резервуарында судың болымсыз мөлшері болуы мүмкін. Бұл Сіздің аспабыңыз
өндірушімен қосымша тексерілген дегенді білдіреді.