Инструкция парогенератор Polaris PSS 4007K

ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР (стр. 53 из 61)

Бренд: Polaris

Страница 53 документа Парогенератор Polaris PSS 4007K. Раздел: Парогенераторы. Бренд: Polaris.

Текст страницы

ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР

53


Аспаптың
пайдаланылуы
«Тұтынушылардың
электр
қондырғыларын
техникалық
пайдалану
ережелеріне» сәйкес жүргізілуі керек.

Аспап тек қана тұрмыста пайдалануға арналған. Құралды коммерциялық мақсатта ұзақ уақыт
пайдалану оның шамадан тыс жүктелуіне әкелуі мүмкін, соның нәтижесінде ол зақымдануы мүмкін
немесе адамдардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

Аспап нұсқаулыққа сәйкес мақсаты бойынша ғана пайдаланылуы тиіс.

Егер сіз аспаптың жұмысқа жарамдылығына сенімді болмасаңыз, оны пайдаланбаңыз.

Аспапты іске қосар әр кезде оны қарап тексеріп шығыңыз. Аспап немесе желілік баусымда
зақымданулар бар болғанда аспапты ешбір жағдайда розеткаға қоспаңыз. Аспап құлағаннан кейін,
зақымданудың көзге көрінетін белгілері бар болса, оны пайдаланбау керек. Пайдаланар алдында
құрал білікті маманмен тексерілуі тиіс.

Бұл құрал денелік,
жүйке немесе психикалық ауытқулары немесе тәжірибе мен білімнің
жеткіліксіздігі бар адамдардың (балаларды қоса алғанда) пайдалануына арналмаған, мұндай
адамдарға қадағалау жүзеге асырылатын немесе олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адамның осы
құралды пайдалануына қатысты оларға нұсқау беретін жағдайларды қоспағанда. Балаларды
аспаппен ойнауға жол бермеу мақсатында қадағалауды жүзеге асыру қажет.

Аспапты қараусыз қалдырмаңыз. Аспапты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Аспапты үй-жайлардан тыс пайдаланбаңыз. Аспапты ыстықтан, тура күн сәулелерінен, үшкір
бұрыштарға соғылуынан, ылғалдан (ешбір жағдайда сапапты суға немесе басқа сұйықтыққа
батырмаңыз) сақтаңыз. Аспапқа дымқыл қолыңызды тигізбеңіз. Аспап суланған жағдайда оны лезде
желіден ажыратып қойыңыз.

Назар аударыңыз!
Аспапты ванналар, шұңғылшалар немесе сумен толтырылған басқа ыдыстар маңында
пайдаланбаңыз. Аспап суға құлаған жағдайда оны дереу желіден жарытаңыз. Бұл ретте
қолдарыңызды ешқашан суға батырмаңыз. Аспапты қайталап пайдаланар алдында ол
білікті маманмен тексерілуі керек.

Бытовая техника / Техника для дома / Глаженье / Парогенераторы

Black+Decker BXSS2400E

56 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Глаженье / Парогенераторы

Black+Decker BXSS2400E

56 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Глаженье / Парогенераторы

Zelmer ZIS2415

76 стр.