Текст страницы
Құбырдағы су тым қатты болса немесе минералды қабаттар түзсе, қайнатылған немесе
дистилденген суды қолдануға рұқсат етіледі. Суға арналған сауытқа (1) әк қабатын жоюға арналған
құралдарды, хош иісті майды, жуу құралдары, спирт және өзге сұйықтықтарды құймаңыз. Бұл
құралдың бүлінуіне немесе жарақатқа әкеп соғуы мүмкін.
Назар аударыңыз: Сауытты сумен асыра толтырмаңыз! Будың түзілуі үшін бос кеңістік
қалдырыңыз!
8. Бумен тазартатын құралды пайдалану
Құрал май, кір мен лас қабатты химиялық жуу құралын пайдаланбай жылдам әрі тиімді түрде тазалайтын ыстық буды шығарады.
Будың әсерін кішкене ғана аумақты тазалау үшін сынаңыз. Тексеру тазалықтан соң
қабаттың толық құрғауын күтіңіз, бұл оның бүлінбеуін, түсінің өзгермеуін, будың әсерінен өзге
қажетсіз өзгерулердің болмауын тексеру үшін қажет.
Сіз қолданатын бұйымдар дұрыс орнатылғандығын тексеріңіз, сауыт (3) сумен толтырылуы тиіс, сондай-ақ қақпақты мықтап жабу қажет.
Бумен тазартқышты электр желісіне жалғаңыз. Құралды электр желісіне жалғаған соң
қызу автоматты түрде басталады, ол жөнінде жанып тұрған индикатор (11) хабарлайды.
Су шамамен 3 минут ішінде қызады. Содан соң индикатор (11) сөнеді. Бұл судың
қажетті температураға дейін қыздырылғандығын, бумен тазартқыштың жұмысқа дайын екендігін
білдіреді.
Ескертпе:
Жұмыс барысында индикатор (11) біресе жанады, содан соң сөнеді, бұл сауыттың ішінде
судың қажетті температурасы сақталып тұрғандығын білдіреді.
Құралды пайдаланып болған соң оны сөндіріңіз, сондай-ақ міндетті түрде электр желісінен
ажыратыңыз. Қалған буды басқару батырмасы арқылы шығарыңыз да, бумен тазартқыштың сууын
күтіңіз. Құрал суып болған соң бойлердің (1) қақпағын бұрап шығарыңыз, сауыттағы
(3) қалған суды төгіңіз, «Күтім және Тазарту» бөлімінде сипатталғандай бумен тазартқышты
тазартыңыз.
Сауытқа жұмыс арасында су құю
Бумен тазартқышты электр желісінен ажырата отырып сөндіріңіз.
Буды жіберу батырмасын (8) басыңыз. Батырмаға сауыттан (3) барлық бу шықпайынша
басып тұрыңыз.
Суға арналған сауыттың қақпағын ашпас бұрын 5 минут уақыт күту қажет, бұл құралдың
сууы үшін жасалған әрекет.
Қақпақты жәймен жартысына дейін ашыңыз, гуілдің тоқтауын күтіңіз. Гуіл дауысы буды
жіберу батырмасына басқаннан кейін құралда қалған қысым әсерінен шығуы мүмкін.
Суға арналған сауыттың қақпағын абайлықпен бұрап толықтай шешіңіз, суды жоғарыда
сипатталған тәсілмен сауытқа құйыңыз.
1. Қажетті қондырманы орнатыңыз:
- Тазартуға арналған негізгі шүмек (7) .
Негізгі қондырманы (7) бу шығатын шүмекке (2) кигізіңіз, ол үшін қондырма мен корпустың
шеңберіндегі «I» белгісін біріктіріңіз. Қондырма екі түрлі қалыпта орнатылатынына назар салыңыз,
қондырма корпусқа мықтап жанасуы мүмкін, сонда қондырма қозғалмай орнатылады, сондай-ақ
арасында саңылау қалуы мүмкін, бұл жағдайда қондырманың бағытталу бұрышын шүмектің бұрамалы
топсасы(2) арқылы ауыстыруға болады. Қондырманы бекіту үшін оны сағат тілімен бір ширекке
бұраңыз. Қондырманы шешу үшін үдерісті кері тәртіппен қайталаңыз.
34