Текст страницы
Шыны немесе айнаның бетімен көлденең немесе тік бағыттағы әрекеттерді орындаңыз.
Терезені тазарту барысында буды қысқа интервалдар жасау арқылы жіберуге кеңес беріледі.
Мұздатылған шыны немесе төмен температураға дейін салқындатылған шыныны
тазарту үшін бумен тазартқышты қолдануға тыйым салынады, бұл олардың сынуына немесе бетінде
сызаттың пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.
Берік тораптары бар еденді тазарту бойынша нұсқаулар (тақта және т.б.)
Еденді тазарту үшін домалақ қылшағы (12) бар иілгіш түтікті немесе иілгіш шүмекті
(14) қолданыңыз.
Жою қажет дақ немесе кірдің бетіне ыстық буды жіберіп өтіңіз. Егер қатты ластану
байқалса сәйкес аумаққа будың көп мөлшерін жіберіңіз.
Егер Сіз домалақ қылшақты қолдансаңыз, оған асыра күш сала баспаңыз.
Балауызбен өңделген жабынды бумен тазартпаңыз. Ыстық бу жабынның жылтырын
жояды.
Бумен тазартқыш корпусының шамадан тыс көлбеулеуіне жол бермеңіз. Корпус
әрқашан тік қалпында болуы тиіс. Қажет болса ұзартатын түтік пен бұралатын топсаны қолданыңыз.
9. Тазарту және күтім
Бумен тазартатын құрал сөндіру күйінде тұрғанына көз жеткізіңіз, сондай-ақ оның
желіден ажырағандағын тексеріңіз. Құралды тазаламас бұрын қалған буды шығырыңыз, құралдың
толық суығанша күте тұрыңыз.
Бойлердің қақпағын баяу бұрап ашып, сауыттағы қалған суды төгіңіз.
Суға арналған сауыттың ішінде минералды қабаттың түзілмеуі үшін оны әрбір
пайдаланудан соң таза сумен жуыңыз. Ішінде суы бар күйінде қалдырмаңыз.
Қолданылған жабдықтарды құралдан шешіңіз. Бұл бұйымдарды бейтарап асүй жуу
құралын қолдану арқылы жылы суда жуыңыз. Содан соң таза ағын судың астында шайыңыз, құрғата
сүртіңіз.
Ескертпе:
Бұйымдар ыдыс жуғыш машинасында жууға арналмаған.
Тоқыма қаптаманы қолмен немесе 40 градусқа дейінгі температура барысында кір
жуғыш машинасында жууға болады. Жуу барысында ағартқыш немесе жұмсартқышты
пайдаланбаңыз.
10. Сақтау жөніндегі шарт
Электрлі құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын, салыстырмалы
ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және электрлі құралдар материалдарына теріс әсер ететін
өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ әрі таза бөлмежайда сақталуы тиіс.
11. Тасымалдау жөніндегі шарт
Электрлі құралдарды нақты бір көлік түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау ережелеріне
сәйкес көліктің барлық түрінде тасымалдайды. Құралды тасымалдау барысында түпнұсқалық зауыттық
ораманы пайдаланыңыз.
Құралдарды тасымалдау барысында оларды тікелей атмосфералық жауынның түсуінен,
агрессивті ортадан сақтау қажет.
12. Қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі талаптар
Бұйымды кәдеге жарату барысында пайда болатын қалдықтар белгіленген тәртіппен және
салалық нормативті құжаттар, соның ішінде «Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру мен
залалсыздандыру бойынша гигиеналық талаптар» Санитарлық ережелер мен нормаларға 2.1.7.1322-03
37