Текст страницы
KAZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аталған құрылғыны тек тағамдарды әзірлеуге ғана
қолданыңыз.
7.2 Жұмыс режимдерінің сипаттамасы
1
2
3
4
5
6
7
8
- Көже
- Қуыру
- Сөндіру
- Мультиаспаз
- Қайнату
- Ботқа / Бу
- Сүт
- Вок
7.2.1 «Қосу/Сөнд.» - плитканы іске қосуға және сөндіруге арналған.
7.2.2 «Атқарым» Аталған батырмаға баса отырып, дайындау уақытын
таңдауға болады.
7.2.3 «+» «-» Аталған батырмалардың көмегімен қуат, температура
және уақыттың көрсеткіштерін/кейінге қалдыру уақытын кемітуге немесе
арттыруға болады.
7.2.4 «Таймер» дайындалу және дайындалуды кейінге қалдыру уақытын
орнатуға мүмкіндік береді.
7.2.5 «Желі кернеуі» Кернеуді/электр энергиясын тұтынуды бей-
нелеу атқарымын бір рет басып, дисплейден «P» белгісін және электр
энергиясының кВт/с-ғы ағымдық шығынын көруге болады. Батырманы тағы
бір рет басып, дисплейден «U» белгісін және желідегі кернеудің ағымдық
мәнін көруге болады. Ағымдық бағдарламаны бейнелеу үшін батырманы
тағы бір басу немесе 5 секундтай тосу қажет.
ЕСКЕРТУ: Электр энергиясын тұтыну құралды желіге іске қосу және кез
келген бағдарламаны іске қосу сәтінен бастап ескерілетін болады. Құралды
желіден ажыратудан кейін көрсеткіштер тасталады.