Текст страницы
12 Күтім және тазалау 12
Уақыт өте келе ыдыс жуатын машинаның ішінде тамақ қалдықтары немесе әк жиналуы
мүмкін. Бұл жуу тиімділігін төмендетуі мүмкін, ал тамақ қалдықтары жағымсыз иіс
шығаруы мүмкін. Ыдыс жуатын машинаны тұрақты түрде тексеру және тазалау керек.
МАҢЫЗДЫ!
КҮТІМ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
•
Тазалау немесе техникалық қызмет көрсету алдында әрқашан ыдыс жуатын
машинаны электр желісінен ажыратыңыз, сумен жабдықтауды тоқтатыңыз және
машинаның барлық бөліктері суығанша күтіңіз.
•
Келесі тазалау құралдарын пайдаланбаңыз, себебі олар беттерді зақымдауы мүмкін:
‐
пластик немесе тот баспайтын болаттан жасалған абразивті губкалар
‐
абразивті немесе еріткіш тұрмыстық тазалау құралдары
‐
қышқылды немесе сілтілі тазартқыш құралдар
‐
жууға арналған құралдарды және зарарсыздандырғыш құралдарды
‐
тот баспайтын болатқа арналған тазалау құралдары және полиролдер
‐
қол жууға арналған сұйықтық немесе сабын
•
Егер ыдыс жуғыш машинада фарфор немесе шыны ыдыс сынып қалса, өзіңізді
жарақаттамау және машинаны бүлдірмеу үшін сынықтарды ақырын алып тастау
қажет.
•
Тазалағаннан кейін әрқашан бүріккіштер мен сүзгілердің дұрыс орнатылғанын
тексеріңіз.
Ыдыс жуатын машинаның сыртқы бетін тазалау
•
Ыдыс жуатын машинаның сыртқы беттерін тазалау үшін оларды таза, жұмсақ, дымқыл
шүберекпен сүртіп, таза, түксіз шүберекпен құрғатыңыз.
•
Ылғалдауға болмайтын бөліктерінің жиектерін сүрту керек. Мысалы, басқару
батырмаларын сүрту үшін матаны олардың айналасына ақырын сырғытыңыз.
•
Басқару панелі шектен тыс ылғалданбауы үшін мұқият болыңыз.
Ескерту: басқару панелін тазаламас бұрын, батырмаларды өшіру (бұғаттау) ұсынылады.
Есік тығыздағышын және ыдыс жуғыш
машинаның ішін тазалау
Жылы суға малынған жұмсақ, түксіз шүберекпен мұқият сүртіңіз. Егер машина қатты
ластанған болса, өндірушінің нұсқауларын орындай отырып, ыдыс жуғыш машинаны
тазалағышты/қақтан тазартқышты қолданыңыз.
Сүзгілерлі тазалау
Ағызу сүзгілері ірі тағам қалдықтарын ұстап қалады және оларды сорғыға түсірмейді.
Бұл қалдықтар сүзгіні бітеуі мүмкін. Сүзгілерді қоқыстарды көрген сайын тазалауды
ұсынамыз.
KZ
29