Текст страницы
Кепілдік шарттары
17
Құрметті сатып алушы!
Room S401, Haier Brand building, Haier Industry park, Hi-tech Zone, Laoshan District, Qingdao, Қытай мекенжайында орналасқан Haier
Корпорациясы бұл бұйымды пайдалану ережелерін сақтаған жағдайда оның жоғары сапасы мен мінсіз қызмет ететініне кепіл
болады. Тұрмыста қолдануға арналған тұрмыстық техниканың ресми жарамдылық мерзімі: бұйым соңғы тұтынушыға берілген күннен
бастап теледидар, микротолқынды пеш – 5 жыл, планшеттік компьютерлер, ноутбуктар және телевизиялық приставкалар – 3 жыл,
шаңсорғыштар – 4 жыл, мобильді телефондар мен гироскутерлер – 2 жыл, басқа тауарлар – 7 жыл.
КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ
Өнімнің жоғары сапасын есепке алғанда, нақты қызмет мерзімі ресми мерзімнен едәуір жоғары болуы мүмкін. Бұйымның қызмет
мерзімі аяқталғаннан кейін профилактикалық жұмыстар жүргізу және ұсыныстар алу үшін Авторландырылған сервистік орталығына
жүгінуді ұсынамыз. Барлық өнімдер пайдалану шарттарын ескере отырып жасалған және Еуразиялық экономикалық (Кеден) одағының
техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келеді. Түсінбестік болмауы үшін, сатып алған кезде пайдалану құжаттамасын,
кепілдік бойынша міндеттеме шарттарын мұқият оқып шығуыңызды сұраймыз. Бұл бұйым тұрмыстық мақсаттағы техникалық
күрделі тауар болып табылады. Егер сіз сатып алған бұйым арнайы орнатуды және қосуды талап етсе, авторланған Candy сервистік
орталықтарына жүгінуге кеңес береміз.
Haier Корпорациясы бұйымнан кемшілік табылған жағдайда тұтынушы талабын қанағаттандыру бойынша тұтынушы құқығын қорғау
туралы бекітілген қолданыстағы заңнамаға, басқа нормативті актілерге сай жауапкершілікті мойнына алатынын растайды. Бірақ Haier
корпорациясы төменде көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда бұйымға кепілдік бойынша қызмет көрсетуден бас тарту құқығын
өзіне қалдырады.
Кепілдік қызмет көрсету шарттары
Haier Корпорациясы тауар тұтынушыға табысталған күннен бастап 12 ай кепілдік мерзімді орнатады. Ықтимал түсінбестіктің алдын
алу үшін, бұйымды сатқанда, берілген құжаттарды (тауарлық чек, кассалық чек, пайдалану құжаттамасы) қызмет көрсету мерзімі
аяқталғанша сақтаңыз.
Кепілдік бойынша тек авторландырылған Candy сервистік орталықтары қызмет көрсетеді. Авторланған сервистік орталықтардың толық
тізімін Candy ақпараттық орталығынан мына телефондар арқылы біле аласыз:
8-800-070-03-29 — Қазақстандағы тұтынушылар үшін (Қазақстан өңірлерінен тегін қоңырау шалу)
немесе https://haieronline.kz сайтында немесе support-kz@haieronline.kz электрондық поштасында сұрау салу арқылы.
Авторланған сервистік орталықтардың деректері өзгеруі мүмкін, анықтау үшін Candy ақпараттық орталығына жүгініңіз.
Кепілдікті қызмет көрсету мыналардың салдарынан ақау пайда болған бұйымдарға көрсетілмейді:
‒
тұтынушының тауарды пайдалану, сақтау және/немесе тасымалдау жағдайлары мен ережелерін бұзуы;
‒
бұйымды қате орнату, баптау және/немесе іске қосу;
‒
тоңазытқыш контурмен және электрлік қосылулармен жұмыс жасау технологияларын бұзу, сонымен қатар Бұйымды монтаждауға
құжатпен расталған тиісті біліктілігі жоқ тұлғаларды тарту;
‒
пайдалану бойынша құжаттама талап еткен жағдайда бұйымға уақытылы техникалық қызмет көрсетпеу;
‒
су құбырларының желісіндегі артық немесе жеткіліксіз қысым;
‒
бұл бұйым типіне жарамайтын жуғыш құралдар қолдану, сонымен қатар жуғыш құралдардың кеңес берілген мөлшерін асырудан;
‒
бұйымды ол арналмаған мақсатта қолданудан;
‒
үшінші тұлғалардың әрекеттері: уәкілеттігі жоқ тұлғалардың жөндеуі немесе дайындаушы рұқсат етпеген құрылымдық немесе
сызбалы техникалық өзгерістерді енгізуі;
‒
қуат беру желілерінің стандарттары мен нормаларынан ауытқу;
‒
еңсерілмейтін күш әрекеттерінен (апат, өрт, найзағай және т. б.);
‒
жазатайым оқиғалардан, тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың қасақана немесе абайсыз әрекеттерінен;
‒
егер бұйымның ішіне бөгде заттардың, заттардың түсуінен болатын зақым анықталса,
‒
сұйықтықтар, жәндіктер, жәндіктердің тіршілік әрекеті өнімдері;
‒
су жылытқыштың толтырылмаған/ толық толтырылмаған багының іске қосылуының салдарынан термоқорғаудың іске қосылуы.
Кепілдік бойынша қызмет көрсету мына жұмыс түрлеріне қолданылмайды:
‒
бұйымды пайдаланатын жерде орнату және іске қосуға;
‒
тұтынушыға бұйымды пайдалану жөнінде нұсқау және кеңес беруге;
‒
бұйымды сыртынан немесе ішінен тазарту.
Төменде аталған шығын материалдары мен аксессуарларға кепілдік бойынша қызмет көрсетілмейді:
‒
кондиционерлерге арналған сүзгілер;
‒
кір және ыдыс жуғыш машиналарға арналған сүзгілерге, су жеткізуге/ағызуға арналған құбыршектерге;
‒
шаңсорғыштарға арналған құбыршектер, шөткелер, саптамалар, шаң жинағыштар, сүзгілер;
‒
микротолқынды пештерге арналған тәрелкелер, істекшелер, торлар, табақшалар және қойғыштар;
‒
сүзгілер, иіс сіңіргіштер, шамдар, сөрелер, тартпалар, бұйым қойғыштар және тоңазытқышта азық-түлік сақтауға арналған басқа
ыдыстар;
‒
басқару пульттері, аккумулятор батареялары, қуаттау элементтері, сыртқы қуат блоктары және қуаттау құрылғылары;
‒
бұйымға қосымша тіркелетін құжаттама.
Бұйымға мерзімдік қызмет (сүзгілерді ауыстыру және т. б.) тұтынушының қалауы бойынша қосымша ақыға жүргізіледі.
Маңызды! Аспапта сериялық нөмірдің болмауы өндіруші үшін құрылғыны сәйкестендіруді және соның салдарынан оған кепілдік
бойынша қызмет көрсетуді мүмкін емес етеді. Аспаптан зауыттық сәйкестендіру тақтайшаларын алып тастауға тыйым салынады.
Зауыттық тақтайшалардың зақымдалуы не болмауы кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаудан бас тартуға себеп болуы мүмкін.
KZ
40