Текст страницы
•
Құрылғы осы Нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
•
Аталмыш
құрылғыны
қолдануға қатысты
қауіпсіздіктері үшін
жауап
беретін
тұлғаның
нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, білімі
мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар
тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған. Балалардың құрылғымен
ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
•
Әр жолы
құрылғыны қоспас бұрын,
оны қарап шығыңыз. Құрылғының және оның электр
желілік баусымның ақаулығы анықталған жағдайда, құралды ашалы розеткаға қосуға мүлдем
болмайды.
•
Құрылғы еденге, жерге құлаған жағдайда, оның көзге анық көрінетін қандай да бір ақаулығы
(зақымдауы) байқалған кезде, құрылғыны қолданбаңыз. Құрылғыны пайдаланбас бұрын оны
білікті маманға көрсету қажет, оны тек қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана тексеру
тиіс.
•
Назар
аударыңыздар!
Құрылғыны
ванна,
ыдыс-аяқ
жуатын
шұңғылша
немесе
сумен
толтырылған басқа ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды.
•
Құрылғыны ешбір жағдайда суға немесе басқа сұйықтықтарға батырып салуға
мүлдем
болмайды.
•
Құрылғыны тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Құрылғыны электр желіге қоспас
бұрын, электр желідегі қолданылатын электрлік параметрлерін тексеріңіз, бұл құрылғының
техникалық сипаттамаларына сәйкес болғанына көз жеткізіңіз.
•
Кез келген ақау бола тұра құрылғыны іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан
айырады.
•
Қоректендірудің стандартты емес көздерін немесе қосу құрылғыларын пайдалануға болмайды.
•
Құрылғыны электр желіге жалғастырып, қоспас бұрын, әрдайым оның
өшірілу күйінде
тұрғандығына, яғни құрылғының ауыстырып қосатын ауыстырғыш тетігі сөндірулі қалпында
тұрғандығына көз жеткізіңіз.
•
Құрылғыны бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құрылғыны
сүйiр бұрыштарға
соғылуынан сақтаңыз. Құрылғы және оның электр желілік баусымы ыстық ауаның тікелей күн
көзіне, жоғары температураның әсеріне, тікелей күн сәулесіне және ылғалға ұшырамайтындай
етіп, сақталуы керек (құрылғыны ешқашан суға батырып салмаңыз).
•
Ылғал қолыңызбен құрылғыны электр желіге жалғастырып қоспаңыз, яғни құрылғының
желілік баусымын ылғал қолыңызбен ұстамаңыз.
•
Әр жолы құрылғыны әрбір пайдаланғаннан кейін және оны тазартпас бұрын, немесе құрылғы
сынып қалса, әрдайым оның электрлік ток көзінен ажыралып тұрғандығына көз жеткізіңіз.
•
Іске қосылып, жұмыс істеп тұрған құрылғыны
қадағалаусыз қалдырмаңыз. Құрылғыны
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
•
Құрылғыны оның электр желілік баусымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, электр
желілік баусымнан ұстап
желіден ажыратуға тыйым салынады. Құрылғыны электр желіден
ажыратқан кезде оның желілік баусымның штепсельді айыршасынан ұстаңыз.
•
Құрылғының желілік баусымын тек қана білікті
мамандар – қызмет көрсету орталығының
қызметкерлері ғана ауыстыра алады. Жөндеу жұмыстарын біліктілігі жоқ немесе біліктілілігі
төмен деңгейдегі санаты жоқ тұлға тарапынан жасалған болса, бұл қолданушыны қауiп-қатерге
ұшыратуы мүмкін.
32