Инструкция пылесос вертикальный Haier HVC550

Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулар (стр. 19 из 36)

Бренд: Haier

Страница 19 документа Пылесос вертикальный Haier HVC550. Раздел: Вертикальные и ручные пылесосы. Бренд: Haier.

Текст страницы

Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулар

Осы аспаппен жұмыс жасамас бұрын, осы нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз және оны сақтап қойыңыз.

Пайдалану шектеулері

• Бұл бұйым тек үй жағдайында пайдалануға және көлік құралдарын тазалауға арналған. Бұйымды көшеде, коммерциялық
немесе өнеркәсіптік жағдайда пайдалануға тыйым салынады.
• Аккумуляторлық батареяның қызмет ету мерзіміне жоғары немесе төмен температуралардың әсерін болдырмау үшін осы
аспапты автомобильдің жүксалғышында немесе автомобильдің басқа жерлерінде сақтауға тыйым салынады.
• Аспапты 40 °C-тан жоғары, 3 °C-тан төмен немесе ылғалды ортада пайдалануға тыйым салынады.
• Бұл аспап сенсорлық жүйенің мүмкіндіктері шектеулі немесе ақыл-ойы шектеулі тұлғалардың (балаларды қоса алғанда),
сондай-ақ тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалардың пайдалануына арналмаған.
• Балаларға осы аспаппен ойнауға рұқсат бермеңіз және пайдалану кезінде балаларды аспапқа жақындатпаңыз. Бұл аспапты
теңіз деңгейінен 3000 метр биіктіктен төмен жерлерде ғана пайдалануға болады.
• Электр саптаманың жұмысы кезінде жарақат алмау үшін адамдардың немесе үй жануарларының қолдары, аяқтары және
денесінің басқа бөліктері айналмалы саптамаға жақындамайтынына көз жеткізіңіз.
• Жарақаттануды болдырмау үшін қуат беру блогының ашасына жанасуға және аспапты сулы қолмен ұстауға тыйым салынады.
Аспапты сұйықтықтарды (мысалы, су, кез келген басқа сусындар және т.б.) жинау үшін пайдалануға тыйым салынады.
• Аспапты жанып жатқан немесе түтіндеген заттарды (мысалы, сөнбеген темекі тұқылдарын) тазалау үшін пайдалануға тыйым
салынады.
• Аспапты қатты немесе өткір заттарды (мысалы, құрылыс қалдықтары, шыны, темір шегелер және т. б.) жинау үшін
пайдалануға тыйым салынады.
• Бұл аспап нұсқаулықта келтірілген нұсқауларға сәйкес пайдаланылуы керек. Құрылғыны дұрыс пайдаланбаудан туындаған
кез келген шығындар үшін пайдаланушы жауапкершілік артады.

Аккумуляторлық батарея және зарядтау

• Аккумуляторлық батареяны ыстықтың немесе оттың әсеріне ұшыратпаңыз және оны тікелей күн сәулесінің астында
сақтамаңыз.
• Төтенше жағдайларда және экстремалды температуралардың әсерінен пайдалану кезінде аккумуляторлардан сұйықтық ағып
кетуі мүмкін. Сұйықтық аккумулятордан теріге түскен жағдайда оны дереу сумен жуып тастау керек. Сұйықтық аккумулятордан
көзге түскен жағдайда көзді кемінде 10 минут бойы таза сумен дереу жуу керек. Медициналық көмекке жүгініңіз.
• Аккумуляторлық батареяның қысқа тұйықталуына жол бермеңіз. Аккумуляторлық батареяларды бір-бірінен немесе басқа
металл бөліктерінен қысқа тұйықталудың алдын алу үшін қораптарда немесе жәшіктерде қалдырмаңыз.
• Аккумуляторлық батарея таза және құрғақ болуы тиіс. Егер аккумуляторлық батареяның шеттері кір болса, оларды таза, құрғақ
матамен сүрту керек.
• Аккумуляторлық батареяның ең жақсы өнімділігіне қалыпты температурада (20 °C ± 5 °C) қол жеткізіледі.
• Бұл аспапты зарядтау үшін жеткізілім жиынтығына кіретін түпнұсқа қуат беру блогын ғана пайдалануға болады.
• Үшінші тұлғалар жеткізетін аккумуляторларды, қуат беру блоктарын немесе зарядтауға арналған тіреулерді пайдалануға тыйым
салынады. Аккумуляторлық батареяны, қуат беру блогын немесе зарядтауға арналған тіреуді бөлшектеуге және оған өзгерістер
енгізуге тыйым салынады.
• Зарядтауға арналған тіреуді жылу көздерінің жанында немесе ылғалды жерлерде (мысалы, радиаторлардың жанында, ванна
бөлмелерінде) зарядтауға немесе орнатуға тыйым салынады.
• Қуат беру блогын немесе зарядтауға арналған тіреуді тазалау кезінде дымқыл шүберекті пайдалануға немесе оларды дымқыл
қолмен ұстауға тыйым салынады.
• Аккумуляторлық батареяларды өз қалауыңыз бойынша тастауға тыйым салынады, оларды қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі
мамандандырылған ұйымға беру керек.
• Егер қуат беру кабелі зақымдалған немесе үзілген болса, пайдалануын дереу тоқтатыңыз және тапсырыс берушілерді қолдау
қызметіне хабарласыңыз.
• Егер аспап ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, толық зарядталғаннан кейін қуат беру блогын ажыратып, салқын және құрғақ
жерге қойыңыз. Сонымен қатар, аккумуляторлық батареяның зарядының шамадан тыс бітуіне жол бермеу үшін қуат беру
блогын кем дегенде 3 айда бір рет зарядтау керек.
• Аккумуляторды пайдалану мерзімі ұлғайған сайын зарядтау және жұмыс уақыты қысқаруы мүмкін. Егер аккумуляторды
зарядтау орындалмаса немесе заряды тез таусылса, пайдаланылған аккумуляторды жаңасына ауыстырыңыз.
• Орнату кезінде аккумуляторды шаңсорғышқа шертіп бекітілгенге дейін салу керек. Бұл аккумулятордың сенімді бекітілуіне
кепілдік береді. Әйтпесе, аккумулятор құлап кетуі мүмкін, бұл құрылғынының зақымдалуына немесе жарақат алуға әкеп соғуы
мүмкін.

Тасымалдау және сақтау

  • Өнімді қаптамасында көрсетілген манипуляциялық белгілерге сәйкес зауыт қаптамасында тасымалдау және сақтау қажет.
  • Тиеу, түсіру және тасымалдау кезінде сақ болыңыз.
  • Көлік пен қойма өнімнің атмосфералық жауын-шашыннан және механикалық зақымдалудан қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.

– 1 –

Бытовая техника / Техника для дома / Уборка / Вертикальные и ручные пылесосы

Brayer 4260BR

48 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Уборка / Вертикальные и ручные пылесосы

Brayer 4260BR

48 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Уборка / Вертикальные и ручные пылесосы

Brayer 4261BR

48 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Уборка / Вертикальные и ручные пылесосы

Brayer 4261BR

48 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Уборка / Вертикальные и ручные пылесосы

Dreame H12 Dual

13 стр.