Текст страницы
IM2023
8.
ЖҰМЫСЫ
Шаңсорғыш циклон функциясымен жарақталған, ол үй жинау барысында барынша
үлкен сору күшін қамтамасыз етеді.
Шаңсорғышты іске қосу үшін «Вкл./Выкл» (қосу/өшіру) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Тазалағаннан кейін әр кез сауытты міндетті түрде тазартыңыз.
Сүзгі орнатылмаған болса, сондай-ақ сүзгі бүлінген немесе ластанған болса,
аспапты ешқашан да қолдануға болмайды. Ондай жағдайда пайдалансаңыз,
қозғалтқышқа шаң түседі де, құрылғының бұзылуына әкеледі
Егер сауыт "MAX" белгісіне дейін толы болса, аспапты пайдалануға болмайды.
Сауыт толып кеткен кезде, лас ауа шаңсорғыштың сүзгісін бітеп, соның
нәтижесінде қозғалтқыш асқын қызып кетеді де, істен шығады.
Аспапты құрылыс қоқысын (цемент, әк, сылақ, металл жоңқа және т.с.с.) жинау үшін
пайдалануға болмайды.Ондай ұсақ заттар қозғалтқыштың бұзылуына әкеледі
Шаңсорғыштың бөлшектерін ыдыс жуғыш немесе кір жуғыш машинада жууға
болмайды
36