Текст страницы
Қазақша
РАДИОСАҒАТ VT-6610 SR
Радиосағат ағымдағы уақытты көрсетеді, оятқыш
ретінде, сонымен қатар «AM/FM» ауқымдарындағы
радиостанцияларды қабылдау үшін пайдаланыла алады.
СИПАТТАМАСЫ
1. «POWER» радиоқабылдағышты іске қосу
батырмасы
2. «HOUR» «сағат» уақытын белгілеу /«TUNING +»
радиоқабылдағышты баптау батырмасы
3. «SNOOZE/DIMMER» оятқыш сигналын қайталап
іске қосу/дисплей жарықтығын өзгерту батырмасы
4. «SLEEP» радиоқабылдағыштың сөну уақытын
белгілеу/«NAP» оятқыштың іске қосылуын кейінге
қалдыру батырмасы
5. «SET» ағымдағы уақытты белгілеу батырмасы
6. «AL1» бірінші оятқышты баптау/іске қосу/
сөндіру/«VOLUME +» дыбыс деңгейін реттеу
батырмасы.
7. «AL21» екінші оятқышты баптау/іске қосу/
сөндіру/«VOLUME -» дыбыс деңгейін реттеу
батырмасы.
8. «MEM» жад батырмасы
9. «MIN» «минут» уақытын белгілеу/«TUNING -»
радиоқабылдағышты баптау батырмасы
10. «BAND» ауқымдарды ауыстыру батырмасы
11. 15. Оятқыштың іске қосылуының жарықтық
көрсеткіші
12. 14. «РАДИО» оятқыштың дыбыс режимі түрінің
жарықтық көрсеткіші
13. Санды таңбалары
16. Үндеткіш
17. Желілік баусым
18. Батареялық бөлік
19. Антенна
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Радиосағатты пайдалану алдында, осы пайдалану
бойынша нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз да, оны
анықтамалық материал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай тікелей
мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
21
T-6610_IM_70x130.indd 21
04.07.2017 10:37:42