Текст страницы
Құрылғыны пайдалану
Құрылғыны қосу
Құрылғыны қосу / өшіру үшін «Қосу / Өшіру» батырмасын басыңыз және 2
секунд ұстап тұрыңыз. Жұмысты бастау үшін осы батырманы тағы бір рет ба
сыңыз.
Қалыпты жұмыс істеу үшін қуат кәбілі үнемі роботқа қосылып тұруы керек.
Қауіпсіздік сымын құрылғыға бекітіп, оны үй ішінде орнатылған затқа бекітіңіз.
Құрылғыны қолданар алдында қауіпсіздік сымының зақымдалмағанына және
түйіннің бос емес екеніне көз жеткізіңіз. Құрылғыны қосыңыз және батареяның
зарядталғанына көз жеткізіңіз (жасыл индикатор жанып тұр) және желдеткіш
жұмыс істейді. Құрылғыны әйнекке терезе жақтауынан 10 см қашықтықта ор
натыңыз. Құрылғыны босатпас бұрын, оның әйнекте тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны әйнектен шығару үшін қауіпсіздік сымын бір қолыңызға алыңыз, ал
екінші қолыңызбен құрылғыны терезеден алыңыз. Құрылғыны өшіріңіз.
Үздіксіз қуаттандыру функциясы
Үздіксіз қуаттандыру функциясы қуат көзі болмаған кезде автоматты түрде іске
қосылады. Резервтік қоректендіруді қамтамасыз ету ұзақтығы – 20 минут. Егер
электр қуатымен қамтамасыз етілмесе, құрылғы автоматты түрде тоқтайды,
қауіп дабылы беріледі және қызыл индикатор жыпылықтайды. Құрылғыны
әйнектен мүмкіндігінше тезірек алып тастау керек. Жуғыш-роботты алып тастау
үшін құрылғыны өшіріңіз, содан кейін құрылғының құлап кетуіне жол бермеу
үшін қауіпсіздік сымын әйнекке қарама-қарсы бағытта ақырын тартыңыз.
Үстелді тазалау режимі
Құрылғыны үстелге орнатыңыз және тазалау режимдерінің бірін таңдаңыз.
Құрылғы үстелді тазарту режимінде жұмыс істей бастайды.
Ескертпе:
Әйнек тазалағышты жақтаусыз пайдаланбаңыз.
Ауаның іркіліп кетуіне жол бермеу үшін тазалау сақинасы тазалау дөңгелегіне
дұрыс орнатылуы керек.
Жаңбырлы ауа райында құрылғыны пайдаланбаңыз.
Әйнекті тазалау
I қадам: әйнектен шаң мен құмды кетіру үшін таза және құрғақ тазалағыш
сулықты пайдаланыңыз.
II қадам: тазалағыш сулықты ауыстырыңыз. Жоғарғы дөңгелектің тазалағыш
сулығы таза және құрғақ болуы керек. Төменгі сулыққа аздап тазалағыш затты
шашыратыңыз (1 -2 бүрку, шамадан тыс ылғал құрылғының еркін қозғалуына
жол бермейді). Содан кейін әйнекті қайтадан тазалаңыз.
Құрылғыны үш жолмен іске қосуға болады:
• Қосу / өшіру түймесін басып, оны 3 секунд ұстап тұрыңыз.
• Тазалауды бастау үшін ҚБ пультіндегі «Старт» батырмасын басыңыз.
• Сіздің смартфоныңызға орнатылған қосымшаның көмегімен құрылғыны іске
қосыңыз.
28