Инструкция робот-пылесос Roborock Q Revo Curv

Страница 18 (стр. 18 из 44)

Бренд: Roborock

Страница 18 документа Робот-пылесос Roborock Q Revo Curv. Раздел: Роботы-пылесосы. Бренд: Roborock.

Текст страницы

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Шектеулер

ЕСКЕРТУ

• Батареяны қайта зарядтау үшін өніммен бірге берілген алынбалы roborock EWFD26HRR немесе EWFD27HRR док-станциясын ғана қолданыңыз.
• Өнімді тазаламас бұрын немесе оған техникалық қызмет көрсетпес бұрын, оны міндетті түрде өшіріп, қуат көзінен ажырату керек.
• Термоажыратқышты абайсызда бастапқы күйге қайтаруға байланысты қауіптің алдын алу үшін бұл құрылғы таймер сияқты сыртқы қосқыш құрылғыға
қосылмауы керек немесе үнемі электр желісі арқылы қосылатын және өшетін тізбекке қосылмауы керек.
• Док-станцияны 14,4 В/6400 мА-сағ (ТИП.) литий-ионды батареямен жабдықталған робот шаңсорғышты зарядтау үшін ғана пайдалануға болады.
• Балалар бұл құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру қажет.
• Бұл өнімді физикалық, сезу немесе ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі төмен адамдарға (оның ішінде балалар) пайдалануға
болмайды. Егер пайдаланатын болса, олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адам (CB) қадағалап немесе құрылғыны қалай қолдану керектігі туралы нұсқау
беріп тұруы керек.
• Бұл өнімді 8 жасқа толған балалар және физикалық, сезу немесе ақыл-ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі мен білімі аз адамдар қауіпсіз пайдалану туралы
нұсқау алғанда және қадағаланғанда, сондай-ақ олар қандай қауіп-қатер бар екенін түсінген жағдайда ғана пайдалана алады. Балалар өніммен ойнамауы
керек. Біреу қадағалап тұрмаса, балалар тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындамауы қажет (ЕО).
• Радиожиілік экспозициясының талаптарына сай келу үшін, құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, құрылғы мен адамдардың арасындағы қашықтық 20 см немесе
одан да көп болуы керек. Талаптарға сай келу үшін бұдан жақын қашықтықта жұмыс істемеген жөн.
• Бұл трансмиттер үшін қолданылатын антенна басқа антеннамен немесе трансмиттермен бір жерге қойылмауы керек.
• Бұл өнім тек ғимараттағы еденді тазалауға ғана арналған, оны далада (мысалы, бір жағы ашық террасада), жерден басқа қандай да бір бетте (мысалы,
диванда) немесе коммерциялық немесе өнеркәсіптік ортада қолдануға болмайды.

АБАЙЛАҢЫЗ

• Бұл өнімді тек Пайдалану нұсқаулығына сәйкес пайдаланыңыз. Дұрыс пайдаланбау салдарынан пайда болған шығын немесе зақым үшін пайдаланушының
өзі жауапты.
• Ойыншық ретінде пайдалануға болмайды. Балалар қолданса не балалардың жанында қолданған кезде, мұқият назар аудару қажет.
• Тазалау алдында шаң жинағыш себет, жууға болатын сүзгі, шаң жиналатын қап, бүйірлік щетка, еден жуғыш шүберектер, негізгі щеткалар және негізгі
щетканың қақпағы орнына қойылғанына көз жеткізіңіз.
• Роботта, док-станцияда немесе еденде сызаттар пайда болмауы үшін, қатты немесе үшкір заттарды (мысалы, декорация қалдықтары, әйнек және шегелер)
тазалау үшін өнімді пайдалануға болмайды.
• Роботқа немесе док станцияға отырмаңыз не тұрмаңыз.
• Коррозияны немесе зақымдалуды болдырмау үшін дезинфекциялау заттарын қолданбаңыз және тек Roborock ұсынған тазалау ерітіндісін қолданыңыз.
• Баспалдақтар сияқты биік жерлерге төмен заттарды (мысалы, аяқ киім, кілемшелерді) қоймаңыз. Әйтпесе датчиктердің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты
робот құлап кетуі мүмкін.
• Судан зақымдануды болдырмау үшін робот жұмыс істейтін еденде судың болмағанына көз жеткізіңіз.
• Оны мансарда едені, ашық терраса, еңіс жер немесе жиһаздардың үсті сияқты кедергісі жоқ биік беттерде қолданбаңыз.
• Жарақат алуға жол бермеу үшін өнімнің жіктеріне, ойықтарына және қозғалатын бөлшектеріне үй жануарларын және шаш, бос киім, саусақ пен дененің
басқа бөліктерін жақындатуға болмайды.

18

Бытовая техника / Техника для дома / Уборка / Роботы-пылесосы

Dreame D10S Plus

117 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Уборка / Роботы-пылесосы

Dreame D10S Plus

117 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Уборка / Роботы-пылесосы

Dreame D30 Ultra

24 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Уборка / Роботы-пылесосы

Narwal Freo S White YJCC032

59 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Уборка / Роботы-пылесосы

Narwal Freo S White YJCC032

59 стр.