Текст страницы
сырт еткен дыбыс естілгенше орнына
туралап орнатыңыз.
B2-2 — cырт еткен дыбыс
B3 Док станцияны орналастыру
A10-15 — док-станция орнының индикаторы
A10-16 — сорғыш кіріс саңылау
A10-17 — роботты толтыру порты
A10-18 — тазалау науасының модулі
A10-19 — су деңгейінің қалқымасы
A10-20 — таза су диспенсерлері
сәйкес күтім жасаңыз. Док станцияның қуат сымы мен
зарядтау контактілерін дымқыл шүберекпен немесе
матамен сүртуге болмайды.
• Зауыттан шығарылмас бұрын, док станциялардың
барлығы суға қаншалықты төзімді екендігі тексерілді.
Док станцияның су желісінде аздап су қалуы – қалыпты
жағдай.
B4 Қуатты қосу және зарядтау
Орнату
B
B1 Маңызды ақпарат
Док-станцияны қатты, тегіс еденге (ағаш/кафель/
бетон, т.б.), қабырғаға тақап қойыңыз. Кемінде
биіктігі бойынша 0,9 м (2,96 фут), ені бойынша
0,46 м (1,51 фут) және тереңдігі бойынша 1,2 м
(3,94 фут) бос орын қалдырыңыз. Мобильдік
қолданбаны пайдаланғанда ешқандай қиындық
туындамауы үшін, WiFi сигналы жақсы ұстайтын
жерге қойыңыз. Қосып, күй индикаторы
шамының жанып тұрғанына көз жеткізіңіз.
B3-1 — 1,2 м-ден (3,94 фут) көп
B3-2 — 0,9 м-ден (2,96 фут) көп
B3-3 — 0,46 м-ден (1,51 фут) көп
Ескертпелер:
Роботты қосу үшін
түймесін басып тұрыңыз.
Қуат индикаторының шамы тұрақты түрде
жанып тұрғанша күтіңіз, содан кейін роботты док
станцияның алдына қойыңыз. Док станцияның
қуат көзіне қосылғанына көз жеткізіңіз. Содан
кейін
түймесін басыңыз, сонда робот
зарядталу үшін док-станцияға автоматты түрде
оралады. Роботқа жұмыс өнімділігі жоғары
литий ионды зарядталатын батареялар жинағы
орнатылған. Батарея жұмысын сақтау үшін
робот әрдайым зарядталып тұруы керек.
B1-1 — жердегі сымдар, қатты немесе үшкір
заттар (мысалы, шегелер мен шыны)
және бос жатқан заттарды алып
тастаңыз, сонымен қатар ілініп қалу,
кептеліп қалу немесе роботтың соғып
кету жағдайларына байланысты орын
алатын жарақат пен зақымның алдын
алу үшін орнықсыз, тез сынатын, құнды
немесе қауіпті заттарды басқа жерге
қойыңыз.
B4-1 — док станция күйінің индикатор шамы
өшкен, робот қуатының индикаторы
жыпылықтайды: Зарядтау.
Ескертпе:
Батарея заряды төмендегенде, робот
қосылмауы мүмкін. Бұл жағдайда роботты зарядтау үшін
док станцияға қойыңыз.
B1-2 — бұл роботты биік жерде (мысалы, екі
қабатты үйде) пайдаланғанда, абайсызда
құлап кетпеуі үшін, физикалық кедергі
жасап қойыңыз, әйтпесе жарақат алуға
немесе мүліктің зақымдалуына себеп
болуы мүмкін.
Ескертпелер:
• Роботты алғаш пайдаланғанда, оның тазалаған
жолын түгелдей қадағалап отырыңыз және қандай
қиындықтарға тап болатынын көріңіз. Робот болашақта
өз бетінше тазалай беретін болады.
• Еден жуған кезде шүберектерде артық кір жиналып
қалмауы үшін, бірінші еден жуу циклін пайдаланбас
бұрын, еденнің шаңын кемінде үш рет сорып шығу
керек.
B2 Құрастыру
• Егер қуат сымы жерге салбырап тұратын болса, оған
робот тиіп кетіп, док станцияны жылжытып жіберуі
немесе қуат көзінен ажыратуы мүмкін.
• Док-станция электр желісіне қосылып тұрғанда,
күй индикаторының шамы жанып тұрады, ал робот
зарядталып тұрғанда, өшіп тұрады.
• Қате шыққан жағдайда, күйі индикаторының шамы
қызыл түспен жанады.
• Док станцияны оттан, жылу көзінен және судан алшақ
қатты тегіс еденге қойыңыз. Робот ауада асылып қалуы
мүмкін тар орындарда жұмыс істеуіне жол бермеңіз.
• Роботты жұмсақ жерге (кілем/төсеме) қойсаңыз, док
станция аударылып кетіп, орнатқанда және жұмысты
бастағанда қиындықтар туындауы мүмкін.
• Док станцияны тікелей күн сәулесінен және док станция
орнының индикаторын бөгейтін кез келген нәрседен
алыс сақтаңыз, әйтпесе робот док станцияға қайтпай
қалуы мүмкін.
• Таза су ыдысы, кір су ыдысы, шаң жинайтын
контейнердің қақпағы, бір рет қолданылатын шаң
жинайтын қап немесе тазалау науасының модулі
болмаса, док-станцияны пайдалануға болмайды.
• Док станцияға жүйелі техникалық қызмет көрсетуге
B2-1 — еден жууға арналған біліктерді роботқа
22