Текст страницы
Батарея және зарядтау
ЕСКЕРТУ
• Электр тогының соғу қаупін барынша азайту үшін әрқашан жерге тұйықталған розетканы пайдаланыңыз. Егер ондай розеткаңыз болмаса, электрші
маманға хабарласып, жасатыңыз.
• Қуат көзінің кернеуі док станцияда көрсетілген талаптарға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Түтіндеуге, қызып кетуге не өрт шығуына жол бермеу үшін тек өніммен бірге берілген батареяны, зарядтағышты, қуат сымын, док-станцияны және басқа
керек-жарақтарды пайдаланыңыз.
• Өнімді қуат адаптерінің ешбір түрімен пайдаланбаңыз, себебі ол қауіпті болуы мүмкін және кепілдік күшін жояды.
• Пайдаланылған батареяларды қоқысқа тастамаңыз. Оларды кәсіби қайта өңдеумен айналысатын ұйымға қалдырыңыз.
• Егер док станция найзағай тиюі мүмкін немесе кернеуі тұрақсыз жерге қойылса, қорғаныс шараларын қолға алыңыз.
• Өнім ұзақ уақыт бойы қолданылмайтын болса, оны толық зарядтап, қуат сымын ажыратып, өшіргеннен кейін, салқын құрғақ жерде сақтаңыз. Батареяның
толығымен отырып қалуын болдырмау үшін оны кемінде үш ай сайын зарядтап тұрыңыз.
• Өнімді тасымалдау үшін док-станцияның қуат сымын ажыратып, роботты өшіріп, су ыдыстарын босатуды ұмытпаңыз. Өз қаптамасына салып қойған жөн.
• Қайта зарядталмайтын батареяларды зарядтауға болмайды.
• Бұл өнімнің батареяларын білікті мамандар ғана ауыстыра алады.
• Батареяны немесе док-станцияны бөлшектеуге, жөндеуге немесе оларға өзгеріс енгізуге болмайды.
• Егер қуат сымы зақымдалған болса, оны пайдаланбаңыз. Қауіпті жағдайдың алдын алу үшін оны өндіруші, оның қызмет көрсету агенті немесе сол
дәрежедегі білікті маман ауыстыруы тиіс.
Халықаралық таңбалардың түсіндірмесі
– ҚОРҒАНЫШТЫҚ ЖЕРГЕ ТҰЙЫҚТАУ (қорғаныштық жерге тұйықтау) таңбасы [IEC 60417-5019 (2009-02) таңбасы]
21