Текст страницы
Қауіпсіздік туралы ақпарат
• Өнімді пайдаланбас бұрын, жердегі сымдарды алып тастаңыз немесе оны шетке жинап қойыңыз, әйтпесе шаңғорғыш оларды тартып әкетуі мүмкін.
• Шашты, киімнің бос бөліктерін, саусақтарды және дененің барлық мүшесін саңылаулардан және қозғалып тұрған бөліктерден алшақ ұстаңыз.
• Өнімді түгі биік кілемдерде пайдаланбаңыз (түсі қараңғы кілемдерде өнімнің жұмыс көрсеткіштері төмендеуі мүмкін).
• Роботты тік бамперінен, жоғарғы қақпағынан немесе бамперінен ұстап көтермеңіз. Док станциясының негізін, су ыдысының тұтқаларын немесе шаң жинауға
арналған контейнердің қақпағын ұстап көтеру арқылы док станциясын жылжытпаңыз.
• Өнімді тазалау үшін дымқыл шүберек немесе сұйықтықтар қолданбаңыз.
• Тазаламай тұрып шаң себеті, жуылатын сүзгі, шаң қабы, бүйірлік қылшақ, швабра шүберегі, негізгі қылшақтар және негізгі қылшақтың қақпағы орнында
орнатылғанын тексеріңіз.
• Коррозияның немесе зақымның алдын алу үшін ешқандай дезинфекциялық затты қолданбаңыз, тек Roborock ұсынған ерітінді картриджындағы тазалау
ерітіндісін қолданыңыз.
• Баспалдақтар сияқты көтерілген аумақтардың жанында ешқандай төмен заттарды (мысалы, аяқ киімді, төсемелерді) қоймаңыз. Әйтпесе, робот құлап,
сенсорлардың дұрыс емес жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін.
• Сумен зақымдалуды болдырмау үшін робот жұмыс істейтін еденде судың болмауын қамтамасыз етіңіз.
• Бұл өнімді Пайдалану нұсқаулығына сәйкес пайдаланыңыз. Дұрыс пайдаланбау салдарынан пайда болған шығын немесе зақым үшін пайдаланушының өзі жауапты.
• Роботқа немесе док станцияға отырмаңыз не тұрмаңыз.
• Робот пен док станцияны шаймаңыз.
Батарея және зарядтау
ЕСКЕРТУ
• Электрлік ток соғу қаупін азайту үшін әрқашан дұрыс түрде жерге тұйықталған розетканы пайдаланыңыз. Егер ондай розетка болмаса, электр маманына
хабарласып, жасатып алыңыз.
• Қуат көзінің кернеуі док станцияда көрсетілген талаптарға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Түтін, қызу немесе өрт шығып кетпеуі үшін, өніммен бірге берілген қуат кабелін ғана пайдаланыңыз.
• Өнімді қуат адаптерінің ешбір түрімен пайдаланбаңыз, себебі ол қауіпті болуы мүмкін және кепілдік күшін жояды.
• Егер док станция найзағай тиюі мүмкін немесе кернеуі тұрақсыз жерге қойылса, қорғаныс шараларын қолға алыңыз.
• Док станцияны ұзақ уақытқа қойып қоймас бұрын, қуат кабелін ажыратыңыз.
• Істен шыққан батареяларды қоқысқа лақтырмаңыз. Оланрды кәсіби қайта өңдеу ұйымына жіберіңіз.
• Қайта зарядталмайтын батареяларды зарядтауға болмайды.
• Бұл өнімнің батареяларын білікті мамандар ғана ауыстыра алады.
• Батареяны немесе док станцияны бөлшектеуге, жөндеуге немесе оларға өзгеріс енгізуге болмайды.
• Зарядтауға арналған док станцияны ыстық көзінен (мысалы, радиаторлардан) алыс ұстаңыз.
• Зарядтау контактілерін дымқыл шүберекпен немесе дымқыл қолдармен сүртпеңіз.
• Егер қуат сымы зақымдалған болса, оны пайдаланбаңыз. Қауіпті жағдайдың алдын алу үшін оны өндіруші, оның қызмет көрсету агенті немесе сол
дәрежедегі білікті маман ауыстыруы тиіс.
• Жөнелтпес бұрын, өнімнің қуатын өшіріңіз.
• Өнімді тасымалдау үшін оның өшірілгеніне және токтан ажыратылғанына көз жеткізіңіз және қалған сұйықтықты су ыдыстарынан ағызыңыз. Өз қаптамасына
салып қойған жөн.
Халықаралық таңбалардың түсіндірмесі
•
– ҚОРҒАНЫШТЫҚ ЖЕРГЕ ТҰЙЫҚТАУ (қорғаныштық жерге тұйықтау) таңбасы [IEC 60417-5019 (2009-02) таңбасы]
21