Текст страницы
Қауіпсіздік туралы ақпарат
• Бұл сымсыз қондырғы радио кедергісін тудыруы
мүмкін болғандықтан, ол адам қауіпсіздігіне
қатысты қызметтерді ұсына алмайды.
АБАЙЛАҢЫЗ
- Jet Bot-ты оттың немесе портативті
жылытқыш, шам, үстел шамы, камин секілді
және т.б. жалынның жанында немесе жанғыш
материалдар, бензин, алкоголь, сұйылтқыш
және т.б. жерлерде пайдаланбаңыз.
Қазақша
• Jet Bot-ты қолданар алдында шаң сауытын
салыңыз.
• Jet Bot тазалайтын аймақта қауіпті заттардың
жоқтығына және соқтығысып қалудың
алдын алу үшін электр жылытқыштары мен
желдеткіштерді тоқтан ажыратқандығыңызға
көз жеткізіңіз.
• Тазалау блогын орнатқан кезде, қуат сымын
еден үстінде қараусыз қалдырмаңыз, себебі Jet
Bot оған шалынысып қалуы мүмкін.
- Jet Bot шаңсорғышына нұқсан келуі немесе
жұмыс істемей қалуы мүмкін.
• Үйіңіздің барлық жерлерін тазалау үшін барлық
бөлмелерді ашып қойыңыз да, SmartThings
қолданбасы арқылы тыйым салынған жерлерді
белгілеп немесе сыртқы есік, веранда.
жуынатын бөлме мен басқыш сияқты, Jet Bot
бүлінуі мүмкін жерлерге қауіпсіздік мақсатында
межелік белгілерді жапсырыңыз.
• Jet Bot үйде пайдалануға арналған, сондықтан
оны мансардада, жертөледе, қоймада, өнеркәсіп
ғимараттарында, үй ішінен басқа жерлерде,
ылғалды жерлерде (жуынатын бөлме, кір
жуатын бөлме сияқты), үстелдің немесе сөренің
үстінде пайдалануға болмайды.
• Автоматты түрде қайта зарядтау үшін осы
ұсынымдарды орындаңыз.
- Jet Bot шаңсорғышына нұқсан келуі немесе
жұмыс істемей қалуы мүмкін.
- Тазалау блогын әрқашан іске қосып қойыңыз.
- Тазалау блогын Jet Bot оны оңай тауып алатын
жерге орнатыңыз.
- Тазалау блогының алдына ешбір заттарды
қалдырмаңыз.
• Құрылғының бүлінуіне және адамның
жарақаттануына жол бермеу үшін, басқыш
немесе баспалдақ таянышы сияқты Jet Bot
құлап түсуі мүмкін жерлерге Межелік белгілерді
жапсырыңыз.
• Jet Bot-ты қара бояумен сырланған еденде
пайдаланбаңыз.
- Еңісті сезетін датчикті қауіпсіздік мақсатында
үнемі таза ұстаңыз.
- Мұндай жағдайда Jet Bot дұрыс жұмыс істей
алмауы мүмкін.
• Jet Bot-тың ешқандай сұйықтықты (су,
сусындар, шалшық және т.б.) сорып алып
жатпағанына немесе жанаспағандығына көз
жеткізіңіз.
• Тазалау блогының екі жағынан 0,5 м немесе
оның алдыңғы жағынан 1 м қашықтықта ешбір
затты орналастырмаңыз.
- Егер дөңгелектері сұйық заттардың үстінен
жүрсе, Jet Bot шаңсорғышқына елеулі нұқсан
келуі немесе ол басқа жерлерді ластауы
мүмкін.
• Тазалау блогының зарядтағыш түйіспесінің
бүлінбегеніне және үстінде ешқандай бөгде
заттың жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
• Тазалау блогына ешқандай сұйық заттарды
шашыратпаңыз.
- Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы
мүмкін.
• Jet Bot кептеліп қалуы мүмкін өте төмен
жерлерде SmartThings қолданбасының
көмегімен тыйым салынған аймақтарды
орнатыңыз немесе Jet Bot-тың кіруіне жол
бермеу үшін Межелік белгілерін қойыңыз.
• Тазалау блогын өзінің арналған мақсатынан
басқа мақсатта қолданбаңыз.
• Тазалау блогын қара түсті едені бар жерге
орнатпаңыз.
- Өрт шығу немесе Тазалау блогына елеулі
нұсқан келу қатері бар.
- Егер Тазалау блогының айналасындағы еден
қара болса, зарядтау баяулайды.
• Өз қауіпсіздігіңіз үшін Сезгіш сенсорды әрқашан
таза ұстаңыз.
• Тазалау алдында Jet Bot-тың қозғалуына бөгет
болуы мүмкін кедергілерді (балалардың үйдегі
әткеншегі немесе шанасы сияқты) алыңыз.
Қазақша
6