Текст страницы
KAZ
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
6.1 Электр құралын қораптан шығарыңыз және қаптаушы материалды (ол бар
болған кезде) алып тастаңыз;
ЕСКЕРТУ! Қаптау материалдарын (пластик пакеттер, полистирол және т.б.)
қауіпті жағдайларға жол бермеу үшін балалардың қолы жетпейтін жерлерде
қалдырмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ескертуші жапсырмаларды (олар бар болған кезде) және
электр құралының тұтқасындағы (8) бұйымның сериялық нөмірімен жапсырманы
міндетті түрде орнында сақтаңыз!
6.2 Құралдың корпусын (10) дымқыл шүберекпен сүртіңіз;
6.3 Құралдың тұтқасын (8) және жұмыс бетін (2) және қысқышты (3) дымқыл
шүберекпен сүртіңіз;
6.4 Құралды құрғатып сүртіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралды бірінші рет іске қосу кезінде иіс пайда болуы
мүмін. Ол қауіп төндірмейді және құралдың бұзылу белгісі болып табылмайды.
Іске қосудан кейін бірнеше минут өткен соң иіс жоғалады.
7 ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
7.1 Жалпы ұсыныстар
Шаш бұйралағышты қолданудың алдында шаштарды сусабынмен жуыңыз және
оларды кептіріңіз. Құралды тек құрғақ шаштарға ғана қолданыңыз.
7.2 Бұрымдар мен толқындар жасау
• Қуат беруші баусымның (7) ашасын электр желісінің розеткісіне қойыңыз;
• Қуат беруші баусымның (10) ашасын электр желісінің розеткісіне қойыңыз;
• Ажыратқышты (7) «ON» күйіне жылжытыңыз. Жұмыс индикаторы (6) жанады;
• Құрал максималды температураға дейін қызғанша дейін шамамен екі-үш ми-
нуттай тосыңыз;
• Сәнге келтірудің алдында шаштарды тараңыз және оларды жеке тұтамдарға
бөліңіз;
Ескерту – Жеке тұтамдарды бекіту қолайлылығы үшін шаш қыстырғыштарды
немесе қысқыштарды қолдануға болады.
• Тетікті (5) басыңыз және шаш тұтамдарын қысқыш (3) пен жұмыс бетінің (2)
арасында орналастырыңыз;
• Тетікті (5) босатып, қысқышты (3) жабыңыз;
• Шаш бұйралағышты жұмыс бетінің (2) айналасына барлық тұтамды ұштарынан
тамырларына дейін орайтындай етіп айналдырыңыз;
• Шаш бұйралағышты осы күйде шаштардың түрі мен ұзындығына байланысты
бірнеше секундтай ұстап тұрыңыз;
Ескертулер
1 Бұрымға пішін беру үшін шамамен 10 сек талап етіледі;
17