Инструкция машинка для стрижки Centek CT-2137 черный/серебристый

Страница 6 (стр. 6 из 20)

Бренд: Centek

Страница 6 документа Машинка для стрижки Centek CT-2137 черный/серебристый. Раздел: Машинки для стрижки волос. Бренд: Centek.

Текст страницы

СТАЙЛЕР-ҚОНДЫРМА
1. Стайлер-қондырманы құралдың негізгі корпусына орна­
тыңыз.
2. Қосу батырмасын басыңыз.
3. Енді сақалды бір пішінге келтіруге немесе шаштың айнала­
сын жиектеуге кірісе аласыз.

  1. Ұстара-қондырма
  2. Стайлер-қондырма
  3. Қуаттандырғыш-түптабан
  4. Құралдың корпусы
  5. Микротриммер
  6. Мұрын мен мойынға арналған триммер-қондырма
  7. Қылтанақ
  8. Майлауға арналған май

МИКРОТРИММЕР
1. Қондырма-микротриммердi құралдың негізгі корпусына
орнатыңыз.
2. Қосу батырмасын басыңыз.
3. Енді сақалды бір пішінге келтіруге немесе шаштың айнала­
сын жиектеуге кірісе аласыз.

5. ҚҰРАЛДЫҢ КҮТІМІ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
1. Құралдың өшірілгеніне және қуаттандырғыш баудың ро­
зеткадан ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
2. Құрал корпусын дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Бұл ретте
ылғал корпустың ішіне түспейтініне көз жеткізіңіз.
3. Корпусты тазалау үшін абразивті құралдар мен еріт­
кіштерді пайдалануға тыйым салынады.
4. Құралды суға батырып қойып тазалауға болмайды.

  • ЖИЫНТЫҚТЫЛЫҒЫ
  • Шаш алатын машинка - 1 дана
  • Шаш қиюға арналған қондырма - 1 дана
  • Стайлер-қондырма - 1 дана
  • Ұстара-қондырма - 1 дана
  • Мұрын мен құлаққа арналған триммер-қондырма - 1 дана
  • Түптабан - 1 дана
  • USB кабелі - 1 дана
  • Микротриммер - 1 дана
  • Стайлерге қондыратын тарақ - 1 дана
  • Шаш қиюға арналған 3 мм тарақ-қондырма - 1 дана
  • Шаш қиюға арналған 6 мм тарақ-қондырма - 1 дана
  • Шаш қиюға арналған 9 мм тарақ-қондырма - 1 дана
  • Шаш қиюға арналған 12 мм тарақ-қондырма - 1 дана
  • Қылтанақ - 1 дана
  • Майлауға арналған май - 1 дана
  • Пайдалану жөніндегі нұсқаулық -1 дана

- Құралды тек құрғақ қолмен пайдаланыңыз.
- Егер қуаттандырғыш кабелі тозған болса немесе құрал
корпусындағы қуаттандыру ұясына тығыз кигізілмесе,
құралды пайдаланбаңыз
- Жұмысты бастамас бұрын, жиынтыққа кіретін арнайы
маймен шаш алатын машинка ұстарасының жүзін майлаңыз.
ҚОНДЫРМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
ШАШ ҚИЮҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРМА
1. Шаш қиюға арналған қондырманы құралдың негізгі корпу­
сына орнатыңыз.
2. Бұл құралда әр түрлі ұзындықпен (3, 6, 9, 12 мм) кесетін
4 қосымша қондырма бар. Өзіңізге қажетті қондырманы
орнатыңыз.
3. Қосу батырмасын басыңыз.
4. Енді шаш қиюға кірісуге болады.
ҰСТАРА-ҚОНДЫРМА
1. Ұстара-қондырманы құралдың негізгі корпусына орна­
тыңыз.
2. Қосу батырмасын басыңыз.
3. Қырынуды бастауға болады (Назар аударыңыз: ұстара-қон­
дырма тек бетке немесе мойынға арналған).
Ескертпе: қырыну кезінде қондырманы теріңізге қатты
жақындатпаңыз -бұл ұстара торын бүлдіруі немесе теріңізге
зақым келтіруі мүмкін (мысалы, ашытып жібереді, қарысып
қалады немесе ауырады).
МҰРЫН МЕН ҚҰЛАҚҚА АРНАЛҒАН ТРИММЕР-ҚОНДЫРМА
1. Мұрын мен құлаққа арналған триммер-қондырманы құрал­
дың негізгі корпусына орнатыңыз.
2. Қосу батырмасын басыңыз.
3. Триммердің ұшын мұрын қуысына кіргізіңіз. Қондырманы
кіргізе-шығара отырып, дөңгелендіріп қозғаңыз. Қастың
сызығын тегістеу үшін мұрын, құлақ және қасқа арналған
қондырманы пайдаланыңыз. Онымен қастың өзін қиюға
болмайды.
Ескертпе: қондырманы пайдаланар алдында мұрын қуы­
сының таза екеніне көз жеткізіңіз. Триммердің ұшын мұрын
қуысына және құлақ каналына 0,5 см-ден тереңге кіргізбеңіз.

ШАШ ҚИЮҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРМАНЫ ТАЗАЛАУ
1. Қалағының үстіңгі жағын басып, ұстара жүзін қондырма­
дан ажыратып алыңыз.
2. Қондырмадағы шаш қалдықтарын қылтанақпен таза­
лаңыз.
3. Ұстара жүзін қондырма басына қайта орнатып, жүзіне
аздап май тамызыңыз.
ҰСТАРАНЫҢ ҚОНДЫРМАСЫН ТАЗАЛАУ
1. Ұстара басының екі жағындағы батырмаларды басып, ұстара
қондырмасындағы ұстара басын алыңыз.
2. Ондағы тұрып қалған шаштарды түсіру үшін ұстара басын
сілкілеңіз.
3. Шаштың қалдықтарын қылтанақпен тазалаңыз.
4. Әбден тірелгенше қондырып, ұстара қондырмасын орнына
қайтадан орнатыңыз.

4. ПАЙДАЛАНУ
ҚУАТТАНДЫРУ
Құралды алғашқы пайдаланар алдында машинаның қалып­
ты жұмысын қамтамасыз ету үшін батареяны 16 сағат бойы
қуаттандыру керек.
Ол үшін құралдың айырулы екеніне көз жеткізіңіз. Құралды
USB кабелі арқылы желіге қосыңыз. Толық қуаттандыру
уақыты 8 сағат.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
- Құралды жуынатын бөлмеде немесе душ бөлмесінде пай­
даланбаңыз.
- Құралды тікелей түсетін күн сәулесінің, сондай-ақ басқа
да жылу көздерінің әсеріне ұрындырмаңыз.

6

Красота и здоровье / Бритье, стрижка и эпиляция / Машинки для стрижки волос

Aceline HC-0120YXBB

16 стр.
Красота и здоровье / Бритье, стрижка и эпиляция / Машинки для стрижки волос

Aceline HC-0120YXBB

16 стр.
Красота и здоровье / Бритье, стрижка и эпиляция / Машинки для стрижки волос

DEXP DHC-87B

12 стр.
Красота и здоровье / Бритье, стрижка и эпиляция / Машинки для стрижки волос

DEXP DHC-87B

12 стр.
Красота и здоровье / Бритье, стрижка и эпиляция / Машинки для стрижки волос

DEXP HC-0130RB

8 стр.