Инструкция фен Kraft KF-HD2013CG розовый/серый

Страница 22 (стр. 22 из 32)

Бренд: Kraft

Страница 22 документа Фен Kraft KF-HD2013CG розовый/серый. Раздел: Фены. Бренд: Kraft.

Текст страницы

ФЕН

ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ

Өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін және фенді дұрыс пайдалану үшін, пайдала­
нар алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз, сонымен қатар аспап­
ты тасымалдағаннан немесе сатқаннан кейін оны қайта оқып шығу үшін сақтап
қойыңыз. Аспапты дұрыс тұтынбау оның сынуына және пайдаланушының
денсаулығына залал немесе материалдық зиян тигізуіне алып келуі мүмкін.
• Аспап тұрмыстық жағдайда пайдалануға ғана арналған.
• Аспап нұсқаулыққа сәйкес тек мақсатына сай пайдаланылуы керек.
• Аспапты қаптамадан шығарғанда оның бүтін екеніне және бүлінбегеніне көз
жеткізіңіз. Қаптама материалдарын балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
Қаптаманы кәдеге дұрыс жаратыңыз.
• Әрбір қосқан сайын аспапты қарап шығыңыз. Аспап немесе желілік бауы бүлінген
болса, еш жағдайда аспапты розеткаға қоспаңыз.
• Құлағаннан кейін бүліну белгілері көзге айқын көрініп тұрған болса, аспапты
пайдаланбаған жөн. Пайдаланар алдында аспапты білікті маман тексеруі керек.
• Егер сіз оның жұмысына сенімді болмасаңыз, аспапты пайдаланбаңыз.
• Бұл аспап физикалық, жүйкелік немесе психикалық ауытқушылықтары бар не­
месе білімі мен тәжірибесі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың)
пайдалануына арналмаған, мұндай адамдар аспапты қадағалаумен неме­
се олардың қауіпсіздігіне жауапты тұлға осы құралды пайдалану жөніндегі
нұсқаулық жүргізгеннен кейін пайдалана алады. Аспаппен ойнамас үшін бала­
ларды қадағалауды жүзеге асыру қажет.
• Аспапты қараусыз қалдырмаңыз. Аспапты балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
• Фенді бөлшектеу, жөндеу немесе оның конструкциясына қандай да бір өзгерістер
енгізу қауіпті болуы мүмкін. Аспаптың электр сымдарының кез-келгені бүлінгенде
электр тогына соғылуға, өртке немесе тұйықталуға әкелуі мүмкін. Ақаулар
туындаған жағдайда аспаптың моделін және пайда болған ақаулық түрін көрсете
отырып, дереу авторландырылған сервис орталығына жүгініңіз. Жөндеу үшін тек
түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдалануға болады. Білікті түрде жасалмаған
жөндеу аспапқа берілетін кепілді қызмет көрсетудің күшін жояды.

НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Фен
өнеркәсіптік
мақсатта
пайдалануға
арналмаған. Өндіруші құралды дұрыс пайдаланбау немесе сақтық пен
қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан туындаған ақаулық үшін жа­
уап бермейді.
• Ауа шығаратын сопло мен концентратор жұмыс барысында қызады. Сақ болыңыз!
• Аспапты ылғалдылығы жоғары үй-жайларда (ванна бөлмелерінде) пайдалануға
рұқсат етілмейді. Ванна қабылдап жатқанда аспапты пайдалануға қатаң тыйым
салынады.
• Егер сіздің ұйқыңыз келіп, маужырап тұрсаңыз, аспапты пайдаланбаңыз.
• Жоғары температурадан оңай деформацияланатын заттардың жанында аспапты
пайдаланбаңыз.

22

ҚОЛДАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ

Красота и здоровье / Укладка и сушка волос / Фены

Centek CT-2216

16 стр.
Красота и здоровье / Укладка и сушка волос / Фены

Centek CT-2216

16 стр.
Красота и здоровье / Укладка и сушка волос / Фены

DEXP HD-575

8 стр.
Красота и здоровье / Укладка и сушка волос / Фены

DEXP HD-575

8 стр.