Текст страницы
3
4
ТӨМЕНГІ ЖІПТІ КӨТЕРУ
1. Қысқыш табанның иінтірегін 1 жоғарғы
шекті күйге ауыстырыңыз.
2. Сол қолыңызбен иненің жібін бос күйде
ұстаңыз, оң қолыңызбен маховикті
өзіңізге қарай қолмен бұрыңыз (сағат
тіліне қарсы), алдымен инені жіберіңіз,
кейін ол жоғарғы күйге жеткенге дейін
оны біртіндеп көтеріңіз.
3. Жоғарғы жіпті аздап жоғары көтеріңіз
жəне ине пластинкасының саңылауында
пайда болатын шарғы жібін көтеріңіз.
4. Екі жоғарғы жəне шарғы жібін де бірге
машинаның артқы жағына қарай
тартыңыз, қысқыш табанның үстінде
шамамен 15 см қалдырыңыз.