Текст страницы
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛАР
Аталмыш электр техникалық құрылғыны пайдаланған кезде, қауіпсіздіктің
төменде келтірілген негізгі шараларын сақтаған жөн. Тігін машинасында жұмыс
істемес бұрын, олармен танысыңыз.
ҚАУІПТІ - Электр тогымен зақымданудың тəуекелін төмендету үшін:-
1. Тігін машинасын қосылған күйде ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Машинада
жұмыс істеп болған соң жəне тазалаудың алдында, машинаның ашасын
электр розеткасынан дереу суырыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ -
Жанудың, өрттің, электр тогымен зақымданудың жəне қызметкерлердің
жарақаттану тəуекелдерін төмендету үшін:
1. Машинаны ойыншық ретінде пайдалануға рұқсат бермеңіз. Балалардың
қасында тігін машинасымен жұмыс істеген кезде, ерекше мұқияттылық қажет.
2. Құрал физикалық, сезім немесе ақыл-ойының қабілеттілігі шектелген
тұлғалардың (балаларды қосқанда) пайдалануы үшін немесе олардың білімі
мен тəжірибесі болмаған кезде пайдалану үшін арналмаған, егер ол тұлғалар,
олардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлғамен, құралды пайдалану
бойынша нұсқаулықтан өткен немесе олардың қарауыңың астында болса.
Құралмен ойнауға жол бермес үшін, балалар бақылаудың астында болуы тіис.
3. Тігін машинасын нағыз Нұсқаулыққа сəйкес, оның тағайындалуы бойынша
ғана пайдаланыңыз. Тек Нұсқаулықта келтірілген жəне дайындаушымен
ұсынылған жабдықтарды ғана пайдаланыңыз.
4. Қуат көзінің сымы немесе ашасы бүлінген кезде, егер машина дұрыс жұмыс
істемесе, егер оны құлатып алса немесе бүлдіріп алса немесе ол суға құлап
кетсе, тігін машинасында ешқашан жұмыс істемеңіз. Машинаны жақындағы
ресми дилерге зерттеу, жөндеу, электрлік немесе механикалық реттеулер үшін
жіберіңіз.
5. Егер қуат көзінің сымы бүлінсе, ол дайындаушымен, оның агентімен
немесе қауіптің алдын алу үшін, білікті мамандардың ұқсас қызметтерімен
ауыстырылуы тиіс.
6. Егер тігін машинасында қандай да ауа тесіктері бітелген болса, онда онымен
ешқашан жұмыс істемеңіз. Машинаның желдететін тесіктерін жəне басқару
тепкісін тоқыма талшықтарынан, шаң мен мата қиқымдарынан тазалықта
ұстаңыз.
7. Машинаның қандай да тесіктерінің біріне бөгде заттардың түсуіне жол
бермеңіз.
8. Тек тұрғынжайларда пайдлаануға арналған.
9. Таза оттегіні немесе аэрозольды орамадағы заттарды қолданатын жерлерде
жұмыс істемеңіз.
10. Машинаны ажырату үшін, негізгі сөндіргішті «0» (СӨНДІРУЛІ) күйіне бұрыңыз,
кейін ашаны розеткадан суырыңыз.
11. Шамдарды ауыстырған немесе техникалық қызмет көрсеткен кезде,
құрылғыны сөндіріңіз жəне өшіріңіз.
12. Қуат көзінің сымынан тартып машинаны өшірмеңіз. Өшірген кезде сымды
емес, ашаны қолыңызбен ұстаңыз.
13. Барлық жылжымалы бөлшектерден қолдың саусақтарын қорғаңыз. Иненің
қозғалатын аймағында ерекше абайлық қажет.