Текст страницы
Panasonic мұрын мен бет түгін қырқу триммерін таңдағаныңызға
рахмет. Пайдаланбас бұрын барлық нұсқауларды оқып
шығуыңызды сұраймыз.
Қауіпсіздік ережелері
Мына құралдың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оны
пайдаланбас бұрын қауіпсіздік ережелерін мұқият оқып шығыңыз.
Мына қауіпсіздік ережелері жарақат алудың, басқа тұлғаларды
жарақаттаудың және мүлікті бұзудың алдын алу мақсатында қауіпсіз түрде
қолдану нұсқаулары ретінде берілген. Қауіпсіздік ережелері төмендегідей
берілген:
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ:
Мына белгі “өлімге немесе қатты жарақатқа әкеп соқтыруы мүмкін
жағдайларды” білдіреді.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Мына белгі “жарақатқа немесе мүліктің бүлінуіне әкеп соқтыруы мүмкін
жағдайларды” білдіреді.
Қауіпсіздік ережелерінің белгілері
Сызылған дөңгелек тыйым салынған әрекеттерді білдіреді.
Іші тұтас боялған дөңгелек қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету үшін
міндетті түрде орындалуы қажет әрекеттер мен нұсқауларды білдіреді.
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
•
Міндетті түрде орындалуы қажет!
Балалар мен нәрестелердің қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Әйтпесе бұл олардың жарақат алуына немесе құралдың ұсақ
бөлшектерінің біреуін байқаусыздан жұтып қоюына алып келуі мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ
•
•
•
•
•
Қазақша
Міндетті түрде орындалуы қажет!
Пайдаланбас бұрын алмастың пішіні бұзылмағанын немесе
зақымдалмағанын тексеріңіз.
Егер пішіні бұзылған болса не болмаса қандай да бір басқа зақымы бар
болса, теріңізді жарақаттап алуыңыз мүмкін.
Батареяда жазылған ережелерді сақтаңыз.
Батареяның (+ және -) өрісін тексеріп, дұрыс орнатыңыз.
Батарея заряды аяқталса, оны дереу шығарып тастаңыз.
Егер құралды ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяны шығарып
тастаңыз.
30