Текст страницы
KZ
Суға арналған Гейзер сүзгісін сатып алғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Біздің әзірлемелер мен технологиялар сіздің үйдегі судың мінсіз сапасын қамтамасыз
етуге мүмкіндік береді.
Барлық функциялық мүмкіндіктер, сондай-ақ Гейзер сүзгісін орнату тәсілі осы
нұсқаулықта сипатталған. Оны мұқият оқып шығыңыз және кейін оны пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
Сүзгі жиынтығында оны орнатқаннан кейін бірден пайдалану үшін қажеттің бәрі бар.
ТАҒАЙЫНДАЛУЫ
Гейзер Престиж Оптима және Гейзер Аллегро Оптима кері осмосты сүзгілері
(бұдан әрі мәтінде – сүзгі) суды кері осмос әдісімен қосымша тазалауға арналған.
Сүзгі мыналарды тұтыну нормаларына дейін төмендетеді: жалпы тұз мөлшерін
(минералдану),
тұзды,
кермектікті;
судан
мыналарды
толығымен
кетіреді:
ауыр металдар (қорғасын, кадмий, мыс, темір, хром және т.б.), радиоактивті
элементтер (кобальт, полоний, цезий, радий), нитриттер, сульфаттар, органикалық
қосылыстар, патогенді бактериялар, ауру тудыратын вирустар. Суға жанасатын
материалдардың бәрі қауіпсіз және ауыз суға жанасуға жарамды.
СҮЗГІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
алдын ала тазалау сатыларының арқасында, мембрананың ұзық қызмет мерзімі;
ықшамдығы, конструкциясының қарапайым әрі берік болуы;
төсемелі жүктеуге негізделген жұмсартқыш сүзгілермен салыстырғанда, бастапқы
қалпына келтіруге арналған реагенттерге шығындалу қажет болмайды.
БАСТАПҚЫ СУҒА (СҮЗГІГЕ ТҮСЕТІН)
ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫМДАР
Сүзгіге кірістегі судың қысымы, атм
3...7
рН (сутегі көрсеткіші), бір моль/л
6...9
Судың температурасы, ˚С
+4...+40
Минералдану
[1], мг/л, ең көбі
2000
Кермектік
[1], Ж° (мг-экв/л), ең көбі
15
Лайлығы
[1] , мг/л, ең көбі
5
Назар аударыңыз! Егер бастапқы судың сипаттамалары көрсетілген ұсынымдарға
сәйкес болмаса, мембрана мен ауыстырмалы сүзгіш элементтердің қызмет мерзімі
осы нұсқаулықта көрсетілгеннен аз болуы мүмкін.
[1] Көрсетілген көрсеткіштердің мәнінен асуы қосымша алдын ала тазалауды қажет етеді.
22