Инструкция система обратного осмоса Гейзер Аллегро

Страница 33 (стр. 33 из 60)

Бренд: Обратного

Страница 33 документа Система обратного осмоса Гейзер Аллегро. Раздел: Фильтрация воды. Бренд: Обратного.

Текст страницы

СҮЗГІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПІ

1. Шығатын (су құбырындағы) су алдын ала тазалаудың бірнеше сатысынан

(I, II картридждері және III саты) өту арқылы алдын ала тазаланады.

2. Алдын ала дайындалған су кері осмосты мембрана арқылы өтеді, онда еріген

қоспалардан терең тазартылады. Тазарған су жинақтау багына түседі, ал
пайдаланылған су дренажға түседі.

3. Жинақтау багы екі секцияға бөлінген: бір жағында ауа тұрады, екінші жағына

тазарған су жиналады, секциялар мембраналы аралықпен бөлінген. Жинақтау
багының толуына байланысты ішіндегі ауа сығымдалып, таза су кранын
келесі жолы ашқанда қысым арқылы пайда болған ауа ағыны суды жинақтау
багынан итеріп шығарады.

4. Су таза су кранынан шығады: таза су кранын ашқан кезде таза су жағымсыз

дәм мен иісті тиімді кетіретін көмірлі постсүзгі арқылы өтеді, су пайдалы заттар,
сілтілік және рН-тың оңтайлы мәндеріне ие болады.

5. Автоауыстырыпқосқыш жинақтау багы толық толғанда су беруді тоқтатады, бұл

дренажға үздіксіз су ағуының алдын алады.

6. Дренаждық ағынды шектеуіш кері осмосты мембранадағы қажет қысымды

сақтап тұрады.

АУЫСТЫРМАЛЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІН АУЫСТЫРУ

Назар аударыңыз! Ауыстырмалы элементтерін ауыстырған соң сүзгіге су жіберу
арқылы жалғанған жерлерінің бітелгенін тексеріңіз. Әр картриджді ауыстырған соң
сүзгіні 5...10 минут жуыңыз.

Картридждерді ауыстыру

1. Адаптер-шұраны жабу арқылы су беруді тоқтатыңыз және жинақтау багындағы

шұраны жабыңыз. Сүзгідегі қысымды түсіру үшін таза су кранын ашыңыз.

2. I, II және III сатылы картридждердің корпусын бұрап алыңыз.

Назар аударыңыз! Картридждерді ауыстырған кезде біраз су ағып кетуі мүмкін.
Сүзгінің астына суды жинауға арналған ыдыс қоюға кеңес береміз.

33