Инструкция система обратного осмоса Гейзер Престиж Смарт

Страница 32 (стр. 32 из 52)

Бренд: Обратного

Страница 32 документа Система обратного осмоса Гейзер Престиж Смарт. Раздел: Фильтрация воды. Бренд: Обратного.

Текст страницы

ЖҰМЫСТЫҢ БАСТАЛУЫ

ЖӘНЕ СҮЗГІНІ ШАЮ

Сүзгіні алғаш рет іске қосқан кезде, сондай-ақ ауыстырылатын элементтерді
ауыстырған кезде картридждерді шаю ұсынылады.

Жинақтау багының шұрасын жабыңыз, таза су кранын және су беру кранын
ашыңыз. 3..5 минуттан кейін таза су кранынан су тамшылай бастайды. Таза су
кранын 10 минутқа ашық қалдырыңыз және оны жауып және жинақтау багының
шұрасын ашыңыз.

Назар аударыңыз! Бакты бірінші рет толтырған кезде алынған суды ішпеңіз.
Бакты толтырғаннан кейін таза су кранын ашып, бүкіл бактагы суды төгіп тастаңыз
және оны жоғарыда сипатталғандай қайта толтырыңыз. Беру магистраліндегі
қысымға тәуелді бұл бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. Осыдан кейін суды
ішуге болады.

Сүзгіні қолданысқа бергеннен кейін тазартудан кейін судың түсі сүт түстес
(бұлдыр)
болуы
мүмкін.
Бүл
сүзгіден
ығыстырылып
шығарылатын
ауа
көпіршіктеріне байланысты. Бұл ақаулық болып табылмайды. Сүзгіні біраз уақыт
пайдаланғаннан кейін ауа көпіршіктері жоғалады.

Сүзгіні келесі жағдайларда шаю:

керек: алғаш қосқан кезде;

пайдаланудағы ұзақ (2 аптадан астам) үзілістен кейін;

техникалық қызмет көрсетуден кейін (мысалы, картридждерді ауыстыру).

Назар аударыңыз! Пайдаланудың бірінші аптасында сүзгінің ағатынын анықтау
үшін
күнделікті
тексеріп
отырыңыз.
Ағып
кетуді
анықтаған
кезде
судың
берілуін тоқтатыңыз, жүйедегі қысымды босатып, қосылысты қайта жинаңыз.

КАРТРИДЖДЕРДІ АУЫСТЫРУ
Ресурс немесе қызмет ету мерзімі аяқталған соң картридждер ауыстырылуға керек.
Картридждерді ауыстыру үшін:

1. Сүзгіге су берілуін тоқтатыңыз.

Назар аударыңыз! Картридждерді ауыстырған кезде біраз су ағып кетуі мүмкін.
Сүзгінің астына суды жинауға арналған ыдысты қоюды ұсынамыз.

2. Жинақтау багының вентилін жабыңыз.

3. Сүзгі қысымын азайту үшін таза су кранын ашыңыз.

4. Әр картриджді кезекпен бұрап шығыңыз және қапсырмадан суырып алыңыз.

5. Жаңа картридждерді "Гейзер Престиж смарт сүзгі жинағы" бөліміне сәйкес тазалау
қадамдарының ретін сақтай отырып салыңыз.

6. Сүзгіге су беруді ашыңыз.

7. Сүзгіні шаюды жүзеге асырыңыз.

8. Жинақтау багының шұрасын ашыңыз.

32